Тақырыбым: Мектептің әдістемелік жұмысын басқару мен ұйымдастырудың моделі
Мақсатым: Оқу тәрбие үрдісін инновациялық нұсқада ұйымдастыру арқылы мұғалімдердің кәсіби деңгейін жетілдіру және педагогикалық шеберлігін дамыту.
Міндеттерім: Оқу және оқу - әдістемелік жұмыстардағы ғылыми жаңалықтарды енгізе отырып, әдістемелік іс – шараларды тиімді ұйымдастырып, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеру және шығармашылық іскерлігін жетілдіру. Мұғалімнің сапалы тәжірибесін насихаттау мен тарату.
Әдістемелік қызметті ұйымдастыруда үш кезеңге бөліп алдым.
І - кезең Ұйымдастыру дайындық кезеңі
Мақсатым: Әдістемелік құжаттарды дайындау.
Оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету. Мұғалімдердің мамандық деңгейін жоғарлатуына бағытталған әртүрлі әдістемелік жұмыс түрлерін дайындау.
ІІ - кезең Жүзеге асыру кезеңі
Мақсатым: Әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру, білім беруде заманауи жаңа технологияларды пайдалану.
ІІІ - кезең Жинақтау қорытындылау кезеңі
Мақсатым: Орындалу деңгейі мен сапасын бақылау, бағалау
Енді осы әдістемелік жұмысты жүзеге асыруды бірнеше моделдерге бөлдім:
1 модель – аналитикалық талдау моделі.
Мұғалім қызметіндегі қиыншылықтарды анықтау, зерттеу мәселеге бағытталған талдау жүргізу. Талдау 3 кезеңнен тұрады.
1) Әдістемелік кеңестің қорытындысын талдау. Бұл өткен кезеңнің әдістемелік іс - әрекетін жасау оған мәселелерді табу, мұғалімдердің білім алу қажеттіліктерін зерттеу, мәселе туындау себептерін табу, бағыттарын анықтау.
2) Оқу – тәрбиелеу жұмыс процесін талдау. Бұл – оқу – тәрбие жұмысын мәселелерін сараптау. Мұғалімнің оқыту жұмысын, яғни даму қырларын, оқушының алған білімінің сапасын, үлгерімін анықтау
3) Мониторинг жүргізу.
2 модель – Жоспарлы - болжамдық моделі.
Әдістемелік кеңес - тәжірибе алмасу, жаңаша әдістер, технологияларды меңгеру және оны іске асыру, білім беру бойынша әдістемелік ұжымдық басқару органы. Әдістемелік іс - әрекеттерді ұйымдастыру жұмысын жоспарлау педагогикалық алдына қойған міндеттерді шешуге бағытталған мақсаттарды жүзеге асыруға көмектеседі. Әдістемелік кеңес жоспарын дайындауда мынадай ұстанымдарды басшылыққа аламын.
1. Ғылымилығы - жоспардың нақтылығы
2. Оптималдығы - үйлесімдігі қолайлығы
3. Мақсатқа бағытталған - жоспардың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру, нәтижеге жеткізу
4. Перспективалық - болашақтағы мақсат пен міндеттердің ескерілуі
3 модулі – Ұйымдастыру және үйлестіру моделі.
Мұғалімдердің деңгейін жоғарылатуына бағытталған әртүрлі әдістемелік жұмыс түрлерін ұйымдастырамын.
1) Әдістемелік тақырып бойынша жұмыс;
2) Жеке консультациялар;
3) Ғылыми – әдістемелік әдебиеттер мен жұмыс;
4) Тәлімгерлік;
5) Кәсіби шеберлік байқауына қатысу;
6) Білім көтеру курстары;
7) Ашық сабақтар;
8) Авторлық семинарлар;
9) Мәселелік семинарлар;
10). Дөңгелек үстелдер;
10) Мұғалімдердің біліктілігін арттыру жолдарын болжау, ұсыныстар жасау;
11) Курстан кейінгі жұмыстарды ұйымдастыру;
4 модуль – педагогикалық іс тәжірибені жалпылау және тарату.
Оны төмендегідей жұмыстар жүргізу арқылы жүзеге асырамын.
1) Жас ұстаздар мектебі (ЖҰМ) – жас мамандарды білім беру үрдісін ұйымдастыру технологиясына үйрету;
2) Педагогикалық шеберлік мектебі. (ПШМ) – педагогтың әр түрлі бағыттағы жұмыстары бойынша тәжірибе алмасуын тиімді ұйымдастыру.
3) Жоғарғы педагогикалық шеберлік мектебі (ЖПШМ) – білімді дамытудағы қиын сұрақтарды өңдеу, жаңа инновациялық әдістермен диагностиканы ендіру, жаңа оқулықтармен көрнекі құралдар мен жұмыс.
4) Шеберлікті жетілдіру мектебі (ШЖМ) – жаттығу, практикалық сабақтарды өткізу жолымен қиын мәселелерді шешу.
5) Әдістемелік күндер – педагогтардың кәсіби қажеттілігіне диагностика, тәжірибе үйрету, сапалы тәжірибесін тарату.
5 модуль – инновациялық технология.
Жаңа педагогикалық технологияларды оқу – тәрбие процесіне ендіру, мұғалімдер іс - тәжірибесіне қосуға бағыт беру. Осы бағытта іс - шара бағыттарын жасаймын.
Соның нәтижесінде мұғалімдер жаңа технология әдісін оқу - тәрбие үрдісінде ұтымды пайдалануда.
Атап айтсам:
- Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
- Дамыта оқыту технологиясы
- Модульдік оқыту технологиясы
- Деңгейлеп оқыту технологиясы
- Интерактивті оқыту технологиясы
6 модул – ақпараттық технология.
1. Электрондық оқулықтар.
2. Бейне жазылымдар қоры
3. Баспа сөз материалдары мен әдебиеттер қоры.
4. Кітапхана қоры.
5. Компьютерлік бағдарламалар қоры.
6. Әдістемелік жұмыстың электрондық жүйесі
Мұндай әдістер мұғалімдердің компьютерді, ақпараттық технологияларды игеруіне мүмкіндік береді. Нәтижесінде - білім саласындағы осы инновациялық қадам ақпараттық мәдениетті, қоршаған ортадан өзіне қажетті ақпаратты таңдап, сұрыптап алатын іскер, жігерлі, өзіне сенімді, компьютерді жетік меңгерген мұғалімді қалыптастыруға болады.
7 модул – ғылыми әдістемелік модулі.
Бұл - мұғалімдердің тәжірибе алмасу, кәсіби имиджді қалыптастыру трибунасы.
Мұғалім жетістіктерін, іс - тәжірибелерін тарату. Оны жүзеге асыру әдістері:
1. Педагог еңбегінің нәтижесін бағалау.
2. Зерттеу тақырыптары бойынша шығармашылық есептер
3. Байқауларға қатыстыру,
4. Пед оқуларға
5. Ғылыми - практикалық конференциялар мен семинар жұмыстарына қатыстыру
Осы әдістемелік әдістер жүйесінде күтілетін нәтиже.
- Мұғалімдердің тақырыптық зерттеу жұмысына қызығушылығы артады.
- Ақпараттық технологияларды меңгерген, педагогикалық кәсіби деңгейі дамиды.
- Өз пәнін жете білетін, ғылыми негізде қызмет жасауға қабілетті, өз пәнінің әдістемесін толық меңгерген, шығармашылық ізденісі мол қабілетті маман дайындау.
- Жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы сабақтың сапасын көтеру.
- Мұғалім мен оқушылардың арасындағы қарым - қатынасты жаңаша құруға, бірігіп шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету.
Адамның басшысы - ақыл
Жетекшісі – талап
Шолғыншысы - ой
Жолдасы – кәсіп
Қорғаны - сабыр
Қоғаушысы – мінез – деп Саққұлақ би айтқандай бүгінгі мектептегі әдістемелік жұмыстың нәтижесі осындай.