Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Түлкінің туған күні (Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру)
Мақсаты: Суреттерге қарап 5 - 6 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыруды жалғастыру. Жабайы аңдар туралы білгендерін естеріне түсіру. Зат есім, сын есім, етістіктерді сөздерге дұрыс қолдану, сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Аңдарға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Түрі Жаңа материалды меңгерту.
Көрнекілігі: Схемада салынған суреттер түлкі, аю, қоян, кірпі, шарлар.
Жаңа сөздер Бөлтірік. қонжық, көжек, кірпі, жәутік.
Билингвизм: Түлкі - лиса, қасқыр - волк, аю - медведь, кірпі - ёжик.
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Жылулық шеңбері
- Балалар, іс - әрекетімізді бастамас бұрын біріміздің - біріміз жылуымызды сезінейік.
Армысың алтын күн,
Армысың асыл жер.
Армысың көк аспан,
Армысың жан досым.
Жылуыма жылу қос,
Міне, менің қолым.
- Балалар, айтыңдаршы сендер үшін өз отбасыңда қай күн ең қуанышты күн?
Адамдардың өмірлеріндегі ең сүйікті мейрамдарының бірден - бірі - туылған күн десек артық айтпағанымыз. Себебі, дәл осы күні туған күн иесінің қасына туған - туысқандары жиналып, түрлі сыйлықтар сыйлап, дастархан жайылады.
Туған күн - әр адамның өміріндегі ең жақсы, ең маңызды мерекелердің бірі. Адам дүниеге келгенде айналадағының бәрі қуанады. Туған күнде жылы лебіздер мен жақсы тілектер айтылады.
Бүгінгі іс - әрекетте Түлкінің туған күні тақырыбында әңгімелесетін боламыз.
Түлкі туралы жұмбақ жасыру.
Өзі қу, жүрген жері шу. түлкі
- Түлкі қандай ертегілерде кездеседі?
- Суретте түлкі неге көңілді? Ойлаңдар?
Өйткені бүгін түлкінің туған күні екен. Ормандағы достарына дастархан жасап күтіпті. (суретке қарап айту)
Балалар, ойланыңдаршы түлкі туған күніне қандай аңдарды шақырды?
- Оны қайдан білдіңдер?
- Үстел үстіне нелерді дайындап қойыпты?
- Бұл тағамдарды қандай аңдар жейді?
- Қасқыр не жейді? (аю, қоян, кірпі)
- Түлкі өзіне не дайындады?
- Түлкі қонақтарды қалай күтті?
Сурет бойынша әңгіме құрап айту:
(2 - 3 баланың әңгімесін тыңдау)