Күнделікті сабақ жоспары, қазақ әдебиеті 9 сынып.
Тақырыптар:
6. Қашаған Күржіманұлы
7. Мұрат Мөңкеұлы
8. Шортанбай Қанайұлы
9. Зар заман
10. Сал-серілер поэзиясы
Сабақтың тақырыбы: Қашаған Күржіманұлы
Сабақтың мақсаты: а) Қашаған Күржіманұлының шығармалары мен өмірі туралы түсінік беру.
ә) оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіре отырып, шешендік өнерге баулу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т. б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
1. Майлықожа қай жылы дүниеге келген?
2. Қандай толғауларын білесіңдер?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Қашаған Күржіманұлы 1841 жылы қазіргі Түркімен Республикасы Ташауыз қаласында дүниеге келген. 1929 жылы Маңғыстау түбегіндегі Қырықкез деген жерде қайтыс болған. Ақынның жырлары ел ішіне ауызша тараған, ол өзі жастайынан жетімдікті көп көрген. Бірқатар шығармалары алғаш "Әдебиет майданы" журналында (1935, №5) жарияланды. Қашаған пейілі тар, сараң, надан адамдарды, аяусыз әшкерелейді. "Есқали сұпыға айтқаны", "Оразалыға", "Байларға", "Берекет ақынға", "Сақыпқа айтқаны", т. б. өлеңдерінде адамгершілік, ізгілік қасиеттерді дәріптеп, басқаларға үлгі ретіне насихаттаған. Халық тарихын қозғайтын "Адай тегі", "Атамекен", "Топан" атты дастандары бар. Ел аралап жүргенде Есқали сұпының келіні "Қонаққа тіккен үйіміз жоқ", - деп Қашағанды үйге кіргізбейді. Сонда ақын келіншектің әдепсіздігін бетіне басып, айтқан өлеңі:
Пейілің мұнша неге қуырылған?
Шапқанда жүйрік едім суырылған.
Сыртымнан естіген жұрт әуес еді,
Тұлпардай шығып жүрген дабылымнан.
Жас жігіт қонам десе қон дер едің,
Көрем де сақалымның бурылынан, — деп, жас келіншектің пейілінің неге тарылғанын, өзінің жасы келіп қалғандығын сөз ете, "жас жігітке бұлай демес едің" деп келіншекті ащы тілмен ажуа етеді. Өзінің халық арасындағы даңқын жүйрік тұлпарға теңей отырып, оны естімей, білмеген келіншекке қайран қалады. Оны жеріне жеткізе сынайды.
Кітаппен жұмыс: Қашаған Күржіманұлының өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау:
Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қашаған Күржіманұлының өмірі мен шығармаларын оқып келу.
Толық нұсқасын қарау