Су құйып, 20 минуттай қайнатады

Скачать

8 ас қасық жөке гүліне 0,5 л. Су құйып, 20 минуттай қайнатады. Алынған нәрмен басты бір ай бойы жуса, шаштың түсуі тақтайды.
Ошаған түбірін майдалап турап, оны оның 10-15 граммын 0,5 литр суға салып, 5 минут қайнатып алады. Содан соң сүзіп, салқындатып, шаштың түбін аптасына 2-3 рет сүртіп отырады. Бұл шашқа өте пайдалы.

50 грамм томар дәріні (черемица) алып, 250 грамм спирт пен судың қосындысын салып, қайтады. Ұзақ қайнаған кейін сүзіп алады. Дайын тұндырмамен аптасына 2-3 рет, кейін бір реттен шашты жуар алдында сүртіп отырады. Бұл шаштың түсуінің алдын алады.

Қалыпты шашты (майлы да, құрғақ та емес) аптасына екі рет жуу керек.Шаш өскен кейін ұшталып кетеді. Үш айда бір рет ұштарын кесіп тұру қажет.Шашты жуғаннан кейін химиялық қоспасыз нәрлегіш заттарды пайдаланса болады.Шашты жуғаннан кейін фенмен көп кептіруге болмайды. Ол шашты құрғатып жібереді.Шаш тегістейтін немесе бұйралайтын бұйымдарды көп пайдаланбай керек.Шашты ұшынан бастап тараған жөн.Шаш түбіне массаж жасап отыру қажет.


Скачать


zharar.kz