Тұрлаусыз мүшелерді ата

Скачать

Қазақ тілі 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыштың жасалу жолдары (слайдымен)
Жалпы мақсаты: Баяндауыш туралы түсініктерін пысықтай отырып, баяндауыштың
жасалу жолдарынан мағлұмат беру;
Оқу нәтижелері: Оқушылар:

• Баяндауыштың жасалу жолдарын үйренеді;
• Шығармашылық жұмыстар орындау арқылы оқушының сөйлеу мәдениеті, сөз байлығы артады.

Түйінді идеялар:
Сыни тұрғыдан тапсырмалар орындату арқылы шығармашылығын дамыту және оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдерді пайдалана отырып, тақырыпты кең көлемде аша түсу.
Жаттығулар: Үй тапсырмасы бойынша Жеті жұмбақ ойыны
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: І топ. Баяндауышы етістік пен сын есімнен жасалған сөйлемдерді теріп жаз.
ІІ топ. топ. Баяндауышы зат есім мен сан есімнен жасалған сөйлемдерді теріп жаз.
ІІІ топ. Баяндауышы есімдік пен көмекші етістік тұлғалы еліктеуіш сөзден жасалған сөйлемдерді теріп жаз
Шығармашылық жұмыс Ақылдың алты қалпағы
Дереккөздер: Қазақ тілі, 8 - сынып, дидактикалық материалдар
Көрнекіліктер: кеспе парақша, бағалау парақшалары, Power Point презентациясы, А3 форматы, маркер, стикер, кері байланыс парақшалары
Оқуға арналған тапсырма: Көркем әдебиеттен баяндауыштың жасалу жолдарына мысал жазып келу.

Мұғалімнің жазбалары:
Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық ахуал тудыру. Түстер бойынша топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау: Жеті жұмбақ ойыны
1. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді? Түрлерін ата.
2. Тұрлаулы мүшелерді ата. Сұрақтарын ата.
3. Бастауышты тап.
Әке көрген - оқ жонар,
Шеше көрген - тон пішер.
4. Баяндауышты тап, құрамына қарай талда.
Білегі жуан бірді жығады,
Білімі толық мыңды жығады.
5. Тұрлаусыз мүшелерді ата.
6. Үйірлі баяндауышқа мысал келтір.
7. Дара және күрделі баяндауышқа мысал келтір.

Мағынаны тану. Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын бағалау критерийлерімен таныстыру.
Жаңа сабақ. Баяндауыштың жасалу жолдарын мына сызбамен түсіндіру.
Топтық жұмыс. Кім тапқыр? ойыны (Кеспе парақша таратылады)
І топ. Баяндауышы етістік пен сын есімнен жасалған сөйлемдерді теріп жаз.
ІІ топ. топ. Баяндауышы зат есім мен сан есімнен жасалған сөйлемдерді теріп жаз.
ІІІ топ. Баяндауышы есімдік пен көмекші етістік тұлғалы еліктеуіш сөзден жасалған сөйлемдерді теріп жаз

Жаттығу жұмысы(Жаттығу ішіндегі сөйлемдер үш топқа бөлініп беріледі, баяндауышты құрамына қарай талда.)
Шығармашылық жұмыс Ақылдың алты қалпағы
Суретте не бейнеленген? (Күз мезгілі)
Ақ - күз туралы нақты ақпарат, фактілерді айтады.
Қара - логикалық ойлау, күздің тек қара жақтарын айтады.
Сары - логикалық позитив, күздің керемет жағын айту.
Жасыл - күз туралы шығармашылық жұмыс.
Қызыл - ішкі сезімге беріліп, сабақты қорытындылайды.
Көк - ойлау процесін басқару, яғни 5шляпаның бәріне қатысты пікір айту, не келісетінін, не келіспейтінін айтып, қорытынды түйіндеме жасау.
Сабақты бекіту: Тыныс белгісін қой тапсырмасы.


Скачать


zharar.kz