Тақырыбы: Аялайық ананы
Балалар қол шапалақтап кабинетке музыканың сүйемелдеуімен кіреді.
1 жүргізуші: Сәлеметсіздер ме аяулы да, ардақты аналар, әжелер!
2 жүргізуші: Бүгінгі біздің халықаралық 8 Наурыз Аналар мерекесіне арналған кешімізге қош келіпсіздер!
Жүргізушілер: Гүл - гүл жайна әріміз
Кіреді біздің сәніміз
Аналардың тойымен
Құттықтаймыз бәріміз
1 жүргізуші: Құрметті аналар және әжелер біздің балалар сіздерге арнап тақпақтар дайындады
1 бала Әлпештеген, аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем беріп бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын
2 бала Мені жақсы көреді
Күнде күліп жүреді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді
3 бала Қандай бала болмайық
Анамызға бәріміз
Көтерсеңші көңілді
Ән салайық бәріміз
4 бала Еркелесем, күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Құлыншағым, күнім деп
Маңдайымнан иіскейтін
5 бала Әр сөзімді жаттаған
Жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам
Айналайын ақ мамам
2 жүргізуші: Ал сен білесің бе, қазір жылдың қандай мезгілі?
1 жүргізуші: Ия, қазір көктем мезгілі, табиғаттың оянатын кезі, құстардың үйге оралатын кезі
2 жүргізуші: Дұрыс айтасың, олай болса қане балалармен бірге ата - аналарымызға арнап Көктем өлеңін айтайықшы
Өлең Көктем
1 жүргізуші: Қарашы біздің мерекемізге тек аналарымыз емес, сонымен қатар әжелерімізде келіпті
2 жүргізуші: Ия, олай болса қане әжелерімізге арналған тақпақтарыңды тыңдап көрейік
1 бала Ақ кимешек киген
Ақ бетімнен сүйген
Әжем менің қандай?
Әжем менің айдай
2 бала Бізді жақсы көрген
Ертегі айтып берген
Әжем менің қандай?
Әжем менің айдай
3 бала Мектепке апарған
Шықсам күтіп алған
Әжем менің қандай?
Әжем менің айдай
4 бала Ұл - қызыңа ерген
Немереңбіз әже
Немереңнен өрген
Шөбереңбіз әже