8 наурыз аналар мерекесіне арналған тақпақтар мен өлең шумақтары
Ардақты ана
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.
Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің.
Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің!
***
Наурыз – Сәуір егізі,
Бүгін оның сегізі.
Ең бақыт гүл, ең бақыт гүл
Анаға айтар лебізі.
Ең қымбат гүл, ең қымбат гүл,
Ол адамның лебізі.
Анасыз бір жоқ күнің,
Әжесіз жоқ бір күнің
Ұсынамыз біз бүгін,
Жырдың сұлу шоқ гүлін.
Ұсынамыз ұсынамыз
Жырдың сұлу шоқ гүлін.
Шеше!
Сен бақыттысың, жыламаған,
Жай түсіп жатқанда да құламадың.
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның.
Сондықтан жыламағын, жыламағын.
Бармын ғой.
Тірімін ғой.
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып өз - өзіңмен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.
Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа.
Өзім кепіл тот басып тозбасыңа,
Екі жыр жазсам саған арнап,
Шеше деп жаздым ылғи сөз басына,
Тәңірім кеше көрсің кесірімді,
Аспанға жазам сенің есіміңді,
Шеше!
Сен бақыттысың, тербете бер,
Құба талдан иілген бесігімді.
****
Азамат қуат алар ақ сүтіңнен
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең
Аналық махаббатың кәусәр - бұлақ
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ