Ақтөбе қаласы, К. Нокин ауылы
Благодар орта мектебінің
мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі
Нұрлыгүл Шауқымқызы
Даярлықпен қоштасып, біз мектепке барамыз!
Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу - білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Ертеңгілік.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады. )
– Құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Бүлдіршіндерімізге сәт - сапар тілей отырып, Даярлық топпен қоштасып, біз мектепке барамыз! атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер,- дей отырып, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді орындарынан көтеріп, бір қошемет көрсетіп жіберейік.
Тәрбиеші:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
ҚР Әнұраны шырқалсын: Менің Қазақстаным!
Айналайын, балалар,
Алда мектеп - ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар! Ендеше, бүгінгі бүлдіршін, ертеңгі өскелең ұрпақ өкілдеріне сөз кезегін берелік.
1 - Мади: Қуанамыз, сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін,
Дайындық топты қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.
2 - Ахат: Өз үлгіңді ұстаймын,
Айтқаныңнан шықпаймын,
Мен балапан құстаймын,
Баулыдың сен мұғалім.
3 - Медина: Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып, билеткен,
Таныстырған ең алғаш,
Әріптермен, суретпен -
Ол тәрбиеші апайым.
4 - Жанарыс: Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Мектепалды тобымен қоштасып,
Біз мектепке барамыз!
5 – Ерсұлтан: Жеті жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз,
Ата - ананы қуантып,
Кілең бестік аламыз
6 - Қоныс: Қуанышты, көңілді
Нағыз жақсы мереке -
Шығарып салмақ мектепке.
7 - Тахмина: Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Би биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
8 - Саян: Біз балауса баламыз,
Жетілді ой – санамыз.
Даярлықпен қоштасып,
Біріншіге барамыз.
9 - Несібелі: Адам етіп баптаған,
Ардақтап бізді мақтаған.
Даярлыққа мың алғыс,
Тәрбиешіммен мақтанам.
10 - Даниал: Күннің нұры шуақты,
Сергітеді денемді.
Құрдастарым сияқты,
Оқушымын мен енді.
11 - Асанәлі: Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам болып шығармыз.
Қуантып ата – ананы,
Таза сәби жүрекпен,
Айтамыз сізге мың алғыс!
12 - Ерасыл Арман:
Нағыз білім – ырыс, бақ,
Дүниені тұр ұстап.
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз дұрыстап.
13 - Азиза:
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып даярлық топпенен,
Біріншіге барамыз.
14 - Әлім:
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім,
Мектепке барам мен енді,
Даярлық топ қош енді.
15 - Ерасыл Т:
Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз.
16 - Қоныс:
Ән салайық бас қоса,
Даярлықпен қоштаса.
Қалам, дәптер, өшіргіш,
Кітаптармен қоштаса.
17 - Медина:
5 болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз.
Өнер - білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
19 - Ахат:
Мектеп - қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз.
20 - Тахмина:
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың,
Ер жетті деп бөбегім,
Ата - анамыз қуансын.
Хор: Ойыншықтар
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені сендерге Білім ханшайымы балалардың мектепке барардағы білімдерін тексер,- деп жіберді. Менің қолымда Білім ханшайымының беріп жіберген, бірнеше тапсырмалары бар. Осы тапсырмаларды оқып, орындауларыңды талап етемін. Мен сендердің берген жауаптарыңа қарап, мектепке даярлықтарыңды тексеремін.
І тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.
ІІ тапсырма: Өз өнерлеріңді көрсетесіңдер.