Абайдың әндері

Скачать

Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Сейтқасымова Т.

Әдебиет 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңі
Мақсаты: Абай Құнанбаев туралы мәліметті кеңейту, берілген жаңа ақпаратты оқу, мәліметті саралау, Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңінің мазмұнын түсіну, идеясын ұғыну, өз ойын еркін қорғауға, пікірін дәлелдеуге үйрену, бір - бірін бағалай білу.
Күтілетін нәтижелер:
- Абай Құнанбаев туралы мәліметі кеңейеді;
- Қансонарда бүркітші шығады аңға өлеңінің мазмұнын меңгереді;
- өлеңнің композициялық жоспарын құрастыра алады;
- өз ойын еркін айтуға үйренеді, өз бетінше сұрақтар құрастыра алады.
Ресурстар: Оқулық, интерактивтік тақта, бейнеролик, флипчарт, стикер
Әдіс - тәсілдер: ДЖИКСО әдісі, Ыстық орындық әдісі, АКТ (слайд) топтастыру, жеке, жұптық, топтық жұмыстар

Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
Ұйымдастыру кезеңі

1. Ыстық орындық
Мұғалімнің әрекеті
Қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру, Түстер арқылы топқа бөлу.
Ыстық орындық арқылы үй тапсырмасын сұрау
Оқушының әрекеті
Түстер арқылы топқа бөлінеді.
Зымыран сұрақтарына жауап береді.
1. Абайдың туған жері?
2. Абай қандай отбасында дүниеге келген?
3. Қайда білім алды?
5. Абай қандай ақын?
6. Абайдың аңшылық кәсіпке байланысты жазған өлеңі?
7. Абайдың әндері?

Қызығушылықтыояту
2. Ән тыңдайық
Жаңа тақырыпқа байланысты ән тыңдату, Желсіз түнде жарық ай Абай әні.
1. Әннен қандай әсер алдыңдар?
2. Ән өнері дегенді қалай түсінесіңдер?
Сұрақтарға жауап береді, жаңа тақырыпты геометриялық фигураларды құрастыру нәтижесінде оқушылар өздері ашады.

Мағынаны ажырату
3. Поэзия минуты Оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрету.
4. Кел, айтайын Джиксо әдісімен өлеңді 4 топқа бөліп беру
5. Теорияны білесің бе? Өлеңге лирикалық талдау жасауды тапсырамын.

Ой толғау
6. Мен жазушымын
Әнді сүйсең, менше сүй эссе жазуды тапсыру.

Қорытынды
Өзін - өзі бағалау. Топтардың бір - бірін бағалауы.
Рефлексия - оқушылардың осы сабақта не алғанын анықтау.


Скачать


zharar.kz