Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала – біздің болашағымыз. Олай болса мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту – баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты сондықтан баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Еліміздің 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуіне байланысты жаңа мемлекеттік стандартты енгізу, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық үдерістерін жаңа бағдарламалармен, оны жүргізудің тиімді әдістерімен қамтамасыз ету қажеттілігі туды. Сонымен қатар мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды (5 - 6 жас) тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын дайындау уақыт сұранысына айналды. Ұсынылып отырған Біз мектепке барамыз бағдарламасы мектепке дейінгі 5 - 6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың психологиялық - педагогикалық және мазмұндық аспектілерін ашады және негізгі құзіреттіліктерді қалыптастырудың міндеттерін жүзеге асырады.
Бағдарламаның мазмұны баланың жеке жас ерекшелігінің мүмкіншіліктерін ашуға, бала тұлғасын жан - жақты дамытуға, жалпы адамдық, ұлттық құндылықтарға негізделген білім жүйесін қалыптастыруға, әлеуметтік ортада оң қатынастарға қабілетті шығармашыл тұлғаны дайындауға бағытталған мектепке дейінгі ересек жас балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттарын шешуді көздейді.