Балалар сендердің алдыларыңда билеттер жатыр, өрнектің мәніне сәйкес вагонға отырыңдар

Скачать

Сынып: 2 ә
Сабақтың тақырыбы: Күрделендірілген әріпті және санды өрнектер

Сабақтың мақсаты:
1. Әріпті өрнектерді оқи алу дағдыларын қалыптастыру;сандық өрнектердің мәнін табу.
2. Ойын арқылы оқушылардың жылдам және ауызша есептеу қабілеттерін, ойлау қабілеттерін дамыту, танымдық қызығушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейту.
3. Оқушыларға патриоттық және адамгершілік тәрбие беру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: интеграциялық, ойын сабақ
Көрнекіліктер: таратпа материалдар, ойын тапсырмалар.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Жүрек жылуын беру (жүрекке тілек айтып, сыныптағы ұнаған адамға беру)
Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
2. Өткенді қайталау
Ауызша есептеу.
- Балалар сендердің алдыларыңда билеттер жатыр, өрнектің мәніне сәйкес вагонға отырыңдар. (Орныңды тап ойыны)
21-20
10-9
41-40
61-60 10-8
4-2
42-40
32-30
8-6 33-30
1+2
43-40
53-50 14-10
84-80
3+1
74-70
(Мұғалім билеттер бойынша оқушылардың дұрыс отырғанын тексеру керек)

Жаңа сабақ
(Бұл сабақ күрделірек теңдеулермен таныстыруға дайындық болып табылады. Оқушылардың назарын әріптік және сандық өрнектерді оқу дәрежесіне аударамын)
- Балалар, міне, мен қаламсауыт алдым. (Оның ішінде неше қаламсауыт бар екені белгісіз) оның қасына тағы 2 қалам қойдым. Енді үстелдің үстінде неше қаламсауыт жатқанын жазыңдар.
- Қаламсауыттың ішінде неше қалам бар? (Балалар белгісіз санды алдымен бос торкөзбен, содан кейін х-пен белгілеп,
Оқулықпен жұмыс
Оқушылар 2-тапсырманы орындайды.
- Балалар, бірінші және екінші бағандағы өрнектерді салыстырайық. Бұл өрнектердің ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде?
3 және 6-тапсырмалар өзіндік жұмыс ретінде беріледі. 4-есепті өздеріне орындауға ұсынамын. Соңынан шешудің әртүрлі тәсілдеріне талдау жасалады.
(Ойын Арға көмек )
1. 90 мен 50-дің айырмасына 8-ді қос.
2. 80 мен 30-дың айырмасына 7-ні қос.
3. 60 пен 50 – дің айырмасына 40-ты қос.
4. 70 пен 40-тың айырмасынан 20-ны азайт.
5. 50-ге 90мен 80-нің айырмасын қос
6. 60-қа 50мен 30-дың айырмасын қос.
Өздік жұмысы.
6сағ + (3сағ + 1сағ) * (6сағ + 3сағ) + 1сағ
(3тәул + 7тәул) – 2тәул * 3тәул + (7тәул – 2тәул)
(10мин – 6мин) +1 1мин * 10мин – (6мин + 1мин)
Ойын Кім шапшаң?

Сабақты қорытындылау
Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру


Скачать


zharar.kz