Сабақтың тақырыбы: Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі.
Білімділік мақсаты: Қан құрамы, оның формалы элементтерінің маңызы туралы білімдерін толықтыру.
Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Дамытушылық: Қан ұюы туралы қосымша мәліметтер ізденуге қызығушылығын ояту.
Пәнаралық байланыс: Медицина
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі А) амандасу
Ә) түгендеу
Б) сабаққа дайындықтарын тексеру
В) топқа бөлу.
(топтар топ атауларын таңдайды, алған атаулары бойынша үстелдегі топ белгісі жазылған топтарына сәйкесінше жинақталып отырады.)
І топ – Эритроциттер
ІI топ - Лейкоциттер
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Қан құрамына кіретін заттар? (плазма, эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер)
2. Қанның қызыл жасушаларын қалай атаймыз? (Эритроцит)
3. Эритроциттер қайда түзіледі? (Сүйектің қызыл кемігінде, көкбауырда)
4. Ақ қан түйіршіктерін қалай атаймыз? (Лейкоцит)
5. Фагоцитозды ашқан кім? (И. Мечников)
6. Лейкоциттер қайда бұзылады?(көкбауырда)
7. Лейкоциттер не арқылы қозғалады? (жалғанаяқтар)
8. Оттегін тасымалдайтын нәруыз? (гемоглобин)
9. Ядросы жоқ қан жасушасы? (эритроциттер)
10. Қандағы түссіз сұйықтық (плазма)
11.
ІІІ. Сергіту сәті
IV жаңа сабақ
1 мәтін:
Тромбоцит — қанның ұюын қамтамасыз ететін қанжасушасы.
Тромбоцит — құстан бастап төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлар қанында болады. Сүтқоректі жануарлар қанында тромбоцит орнында пішіні әртүрлі (дөңгелек, сопақ, ұршық тәрізді т. б.) ұсақ денешіктер — қан табақшалары болады. Тромбоцит — сүйектің қызыл кемігіндегі ірі жасушалар — мегакариоциттерден жетіледі. Қан табақшалары мегакариоциттер цитоплазмасының мөлшері екі - үш мкм ядросыз бөлікшелері.
Олар қанда топтасып орналасады. Қан табақшалары жақсы боялатын дәнді орталық бөлігі
• грануломерден (хромомерден) және біркелкі (гомогенді), шеткі бөлігі — гиаломерден тұрады.
• протеин, май, көмірсулар жатады.
ядросыз, ұсақ денешіктер (диаметрі 2 – 5 мкм) – қан табақшалары болады. Қалыпты жағдайда ересек адамның 1 мм қанында 180 – 320 мың тромбоцит кездеседі
2 мәтін:
Қанның ұюының бейімделгіш маңызы зор, тамырлар зақымданған жағдайда организмді қансыраудан сақтайды. Сонымен қатар, тамырларда айналатын қанның ұйып қалмауы да өте маңызды. Дені сау адамның ұсақ тамырлары жарақаттанған кезде қан кету 3 – 4 минутта тоқтайды. Бұл тамырлардың тарылып, жарақат шетіне жабысып қалатын тромбоциттердің бірігуіне байланысты. Осы кезде тромбоциттердің бір бөлігі бұзылып, олардан тромбопластин ферменті, сондай – ақ тамырлардың тарылуы мен күрделі химиялық реакциялар тудыратын биологиялық белсенді заттар босап шығады. Тромбопластин қатысында кальций иондары және атмосфералық оттек бар болса, күрделі ферменттік реакциялар нәтижесінде плазманың ерігіш нәруызы – фабриноген ерімейтін фибринге айналады. Фибрин жіпшелері жарақат орнында эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер тұрып қалатын тығыз талшықты тор түзіп, ұйыған қан – тромб пайда болады. Қалың тромб тамырды бітеп, қан кету тоқтайды. Тромбопластин, фибриноген, фибрин және кальций иондарынан басқа қанның ұюына бірнеше ферменттер, К витамині, міндетті түрде оттек қатысады.
V. Жаңа сабақты пысықтау.
I топ Эритроциттер
1. Тромбоциттің құрлысы мен қызметі қандай?
2. Гемофилия ауруы қалай сипатталады.
3. Фибриноген деген не?
4. Қанда ұйытатын факторлардың біреуі болмаса, қандай жағдай болар еді?
II топ Лейкоциттер
1. Қан дене салмағының неше % құрайды?
2. Қан ауруын зертейтін ғылым?
3. К витамині, міндетті түрде.........?
4. Қаны ұйымайтын тұқымқуалайтын ауру?
VI Жаңа сабақты бекіту
Доллор ойыны: Сұрақтар
Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
Қастек орта мектебі МДШО КММ - нің биология пәнінің мұғалімі
Отыншиева Кеуірхан Кызайбековна
Қанның ұюында тромбоциттердің рөлі. жүктеу