Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру оқытылатын барлық пәндерді қамтитын күрделі үдеріс

Скачать

МАТЕМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Пәнаралық қатынастар ұғымына сипаттама берілген, ғылым аралық қызмет түрлері көрсетілген, жаратылыстану-математикалық цикліндегі пәндерді оқытуда пәнаралық байланысты қалай жүзеге асыру айтылған, математика пәнімен информатика және физика пәндерінің пәнаралық байланыстары туралы ұғым берілген, дифференциалдық теңдеулерді биологиялық процесте қолданылуы көрсетілген.

Педагогикалық сөздікте пәнаралық қатынас түсінігін оқулық бағдарламаның өзара келісімі деп анықтаған. Пәнаралық қатынастар оқушылардың білімін жүйелендіруге көмек жасап және оларды нақты әлемнің толық жағындағы диалектиканың өзара байланыс құбылысын танып білуге қалыптастырады.
Пәнаралық қатынастардың әзірленуі оқушылардың білімінің ұтымды жағдайын, тәрбиеленуін және дамуының пайда болуына көмек көрсетеді.
Мынадай ғылым аралық қызметтердің түрлерін ажыратуға болады:

1. Бір объектті әр түрлі ғылымдарды кешендік оқытуда.
2. Әр түрлі объектті оқытудағы бір ғылымның әдісін басқа ғылымда қолдануы.
3. Әр түрлі объектті оқытудағы бір теорияны әр түрлі ғылымдарда қолданылуы.
Білім мазмұнын жаңарту пәндердің циклі үшін оқу материалы мазмұнының жоғары ғылыми, әрі оқушыға түсінікті деңгеймен оның ғылыми логикасына сәйкес баяндалуын қамтамасыз ететіндей жүйесін анықтау міндетін жүктейді. Бұл міндет циклдегі әр пән бағдарламасымен оқулықтың цикл пәндерінің терең өзара байланысын қамтамасыз ететіндей болып құрылуы арқылы шешілмек.

Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру оқытылатын барлық пәндерді қамтитын күрделі үдеріс. Соның ішінде, әсіресе, жаратылыстану цикліндегі пәндердің, оқушылардың санасына әлемнің біртұтастығы туралы түсінікті қалыптастырудағы маңызы ерекше. Ал табиғат құбылыстары жайлы біртұтас ғылыми көзқарасты қалыптастыру осы пәндердің арасындағы өзара байланысты жүзеге асыру арқылы мүмкін болады.
Жаратылыстану-математика цикліндегі пәндерді оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру, әсіресе, осы пәндердің мазмұнын жаңарту жағдайында өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі, бұл пәндердің өзара байланысы оқу материалының мазмұны мен оның өтілу ретін анықтаудағы аса маңызды белгісі болып табылады.

Екібастұз қаласы
Академик Сәтбаев атындағы
Екібастұз инженерлік-техникалық институтының колледжі
директордың оқу ісі бойынша орынбасары
Орынбаев Бахтияр Көмекұлы


Скачать


zharar.kz