Интеграл сөзін ойлап тапқан кім

Скачать

Ашық сабақ: 11 сынып. Алгебра және анализ бастамалары “ХХІ ғасыр көш басшысы” зияткерлік ойын түрінде өткен сабақ.
“Көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу”
Сабақтың мақсаты: Білімдік: Оқушылардың алған білімдерін пысықтау, тиянақтау, тексеру.
Тәрбиелік: Оқушылардың алған білімін есеп шығаруда қолдана білуге, өз бетінше жұмыстануға, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін арттыру, Математикаға қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Білік пен дағдыны қалыптастыру сабағы.
Сабақ әдісі: Ойын сабақ “ХХІ ғасыр көш басшысы”
Сабақ көрнекілігі: Оқулық, тақта, карточкалар, жұлдызшалар, жетондар.
Сабақ жүрісі: 1. Ұйымдастыру.
2. Сабақ түрі, мақсат - міндеттерімен таныстыру (Сабақ төрт бөлімнен тұрады).
Негізгі бөлімі:
Ойын сабақ: “ХХІ ғасыр көш басшысы”
1. Бөлім: “Бәйге”
Үй тапсырмасын сұрау, өткен сабақтар бойынша оқушы білімін тексеру: 20 сұрақ алдын ала дайындалған, әр дұрыс жауап үшін бір жұлдызша беріледі, бірінші қол көтерген оқушыдан жауап сұралады.
2. Бөлім “Көмбе”
Интерактивті тақтада кесте көрсетілген. Жауап беруге рұқсат алған оқушы, кестеден сұрақ номерін таңдайды. Сол сұрақ бойынша жауап береді, Егер есеп болса, тақтаға немесе дәптерге орындайды.
3. Бөлім “Дода”
Оқушылар тест тапсырмаларын орындайды, (“Жедел тест” 10 сұрақтан тұратын, өте шапшаң орындалатын тест тапсырмалары),
4. Бөлім “Жорға”
Ең көп жұлдызша жинаған екі немесе үш оқушы іріктеледі. Олар бір минутта 20 сұраққа жауап беруі керек. Қойылатын сұрақтар математикалық викториналық сұрақтар болғаны жақсы, ондай сұрақтар оқушы қызығушылығын арттырады.
Математикалық викториналар; “Жорға”
1. Қазіргі пайдаланып жүрген цифрлар қай елден алынған? (Араб)
2. Нольді енгізген кім және елдің оқымыстысы? (Архимед, Грек бэд ІІІ ғ.)
3. Математика қай елден бастау алған? (Арабия - Индия, себебі: осы екі ел арасында сауда басталған.)
4. Теріс сан ең алғаш қай елде қолданған және мағынасы қандай? (Индия, “қарыз”).
5. Алгебра ең алғаш қай елде жарық көрген, оны жазған кім? (Арабия. Мухаммед ибн - Муса ал - Хорезми)
6, Ең алғаш sin^2⁡х 〖+cos^2〗⁡〖х=1〗 теңдеуін пайдаланған кім? (Ариабхата, Индия)
7.”Пропорция ” қай тілден енген сөз және мағынасы қандай? (Латын. “Тең бөлшек”)
8. Пифагор қайда және қашан туған?(Грек, Самоса аралы, бэд Ү ғ)
9. “Геометрия” қай тілден енген сөз және мағынасы қандай? (Грек, жер өлшеу)
10.〖 а〗^0=1 анықтамасын берген кім? (Неміс математигі Штифель)
11. ЕҮОБ табу алгоритмін жасаған кім? (Евклид, “Бастамалар”)
12. Математикаға алгебра атауын енгізген кім және алгебра қандай сөзден алынған? (Омар һаям, Әл - жебр қалпына келтіру, уал - мукатала қарсы қою деген сөз)
13. Тәулікті 24 сағатқа бөлген кім? (Грек астрономы Птоломей)
14, Юлиан календары бойынша бір жылдың ұзақтығы қандай? (365күн 6 сағ)
15. Санды ең алғаш бөлшек түрінде жазып көрсеткен кім? (1202ж. Европалық ғалым Фибоначчи)
16. “Алым”, “бөлім” атауларын енгізген математик кім? (ХІІІ ғ. Грек математигі Максим Плануд)
17. “+” (қосу) таңбасын енгізген кім? (Неміс ғалымы, философ, математик, физик, юрист, тіл зерттеуші Лейбниц)
18. Метрлік өлшеу жүйесі қай елде пайда болған? (Францияда)
19. ∫- символын енгізген кім? (Лейбниц, неміс 1675 жылы)
20. “Интеграл” сөзін ойлап тапқан кім? (Бернулли, 1690 жылы, қалпына келтіру, орнына келтіру, латынша)
5. Бөлім “Мәре”
Жеңген оқушыны марапаттау, Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма беру. §12,§13,§14 қайталау


Скачать


zharar.kz