Сыныбы: 1 - сынып
Пәні: Математика
Тақырыбы: Пысықтау есептері
Мақсаты:
Білімділігі: 4 - ті қосу және азайту кестесін одан әрі дамыту. Сурет бойынша өрнек құрастыруды одан әрі үйретуді жалғастыру. Бұрын бар білімдерін жаңғырту.
Тәрбиелілігі:Тазалыққа, жинақылыққа, әсемдікке, алманың пайдасын ұғынуға көмектесу
Дамытушылығы: логикалық ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін, өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Түрі:Дәстүрлі сабақ
Типі: Аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ойын арқылы оқыту, талдау - жинақтау
Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі материалдар, Математика оқулығы, әдістемелік құралы, №3 жұмыс дәптері, сызбалар.
Барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың оқу құралдарын алғызып сабаққа даярлау.
Сыныпты түгендеу.
Сабаққа назарларын аудару.
Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырманы жеке - жеке тексеріп шығып, бір - бір мысалдан оқытамын.
Өткен сабақты бекіту
1. Гаражда 9 машина тұр еді, оның 4 - еуі таңертең шығып кетті.
2. Бұтақта 3 торғай отыр еді, тағы 4 торғай ұшып келді. Неше торғай болды.
3. Қосылғыш 3, қосылғыш 5 қосындының мәні -?
4. Қосылғыш 6, қосылғыш 4, қосындының мәні -?
5. Егер оның көршілері 2 мен 5 болса, онда ол қандай сан?
6. Егер оның көршілері 8 бен 10 болса, онда ол қандай сан?
7. Азайғыш 6, азайтқыш 4, айырма -?
8. Азайғыш 8, азайтқыш 4, айырма -?
9. Нысанаға тигіз ойыны. Мұғалім мысалдар айтады, балалар берілген карточкаларды көрсетеді. Мұғалім дұрыс көрсетпеген баланы ұстап алады.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Балалар, бүгін біз, 4 санын қосу және азайтуды одан әрі үйренеміз. 4 санын қосу және азайтуға байланысты және тағы да басқа есептерді шығарамыз.
- Әртүрлі есептерді шығаруға дайынбыз ба?
- Сабағымызды бастаймыз,
Жамандықты тастаймыз!
Оқулықпен жұмыс
Суретте не көріп тұрсыңдар? Сайқымазақтар қайда өнер көрсетеді?
Сайқымазақтардың доптары арқылы өрнектер құрастыру, тақтаға жазу.
Дәптермен жұмыс
№1 - тапсырма. Кестені толтыру
№2 - тапсырма
Аулада жүргені - 9 бала
Кеткені - 4 бала
Қалғаны -?
Ш: 9 - 5=5(б)
Жауабы: 5 бала қалды.
Тақтамен жұмыс
№3 тапсырманың І бағанын оқушыларға тақтаға орындату.
9 9 - 1
36 - 4
78 - 3
Сергіту сәті
4 санына байланысты өлең айту
Көрнекілікпен жұмыс
Қолшатырды боя
Оқулықтағы №4 тапсырма арнайы дайындалған суреттер арқылы түсіндіріліп, тақтаға қосу мен азайтуға арналған өрнектерін жазады.
5+3=8
8 - 3=5
Ойын Фигураны ата
Балаларға бірнеше фигураларды демонстрациялық материалдан көрсетіледі, балалар фигураларды атайды.
Геометриялық конструктор
Бағалау. Сабаққа белсене араласқан балаларды мадақтап, мақтау, жұлдызша, шаршы, үшбұрыштарды білімдеріне сай таратып беру.
Үйге тапсырма: логикалық тапсырманың ІІ бөлігін орындау, е әрпінің астын сызу.