Бүгінгі ойынымыздың негізгі мақсаты

Скачать

Дәуірдің жұлдызды тұлғасы – Б. Момышұлы интеллектуалдық олимпиада

Құрметті қонақтар! Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Дәуірдің жұлдызды тұлғасы атанған Ұлы Отан соғысының Батыры, аты аңызға айналған қаһарман, ұлт рухының айбынды жазушысы, ержүрек жерлесіміз Б. Момышұлының биыл ғасырлық мерей тойы халықаралық деңгейде атап өтілді. Бүгінгі ойында осы келе жатқан Баукеңнің туған күні қарсаңына байланысты яғни 24 желтоқсан туылған күніне орай Дәуірдің жұлдызды тұлғасы – Б. Момышұлы тақырыбындағы интеллектуалдық олимпиадаға қош келдіңіздер!
Бүгінгі ойынымыздың негізгі мақсаты: Жерлесіміз Б. Момышұлы оның ерлігі туралы білмесек ұят болатындығы белгілі. Сондықтан Баукеңнің өмірбаяны, жасаған ерліктері, шығармалары туралы оқушылардың өз бетімен ізденіп білуіне, сонымен қатар оқушыларды патриоттықққа тәрбиелеу.
Ендеше бүгінгі сайысқа баға беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
Сонымен бүгінгі сайыс мектеп - гимназияның жоғарғы сынып оқушылары (11 сынып) яғни 11 А сыныбымен 11 Ә сыныбы өзара тартысатын болады. Ендеше қатысатын топтарды шақырайық! (Өздерін таныстырады және бір топ сыртқа шығады)

І айналым
Шарты: Берілген сұрақтарға бірінші топ басшысы, ары қарай кезекпен ия немесе жоқ деп жауап беруі тиіс. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпай өз пайдасына алып келеді.
1. “Николай Редин” Б. Момышұлының шығармасы ма? Ия
2. Батыр туралы жазылған Волоколамск тас жолы атты кітаптың авторы қазақстандық жазушы Дмитрий Снегин? Жоқ, ресейлік жазушы Александр Бек
3. Бауыржанның ұлы Бақытжан 1941 жылы 3 қазанда дүниеге келген? Ия
4. “Халықтың жолымен жүрсең, ешқашан адаспайсың. Халықпен бірге болсаң, ешқашан жалғызсырамайсың” деген өсиетті Бауыржанға айтқан әкесі ме? Ия
5. Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың даңқты қолбасшы туралы кітабы Ақиқат пен жалғандық деп аталады? Жоқ, Ақиқат пен аңыз
6. Б. Момышұлы 1960 жылға дейін әскери академияда дәріс берді? Жоқ, 1956 жылға дейін (отставкаға шықты)
7. Б. Момышұлының анасының есімі Ұлжан ба? Жоқ, Рәзия
8. Баукең әрі инженер, психолог болған. Сонымен қатар шабандоз болған ба? Ия
9. Ол өз батальонын 109 рет шабуылға бастап, 4 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамын аман - есен әскерге қосады ма? Ия
- 21 -
10. Б. Момышұлының жары Бибіжамал Ержанқызы? Жоқ, Бибіжамал Мұханқызы
Бірінші айналым нәтижесін қазылар алқасынан сұрайық!

ІІ айналым
Шарты:
11 А сынып таңдау құқына ие болады. Берілген сұраққа дұрыс жауап берсеңіздер 500 ұпай аласыздар. Ойланып жауап беру 30 секундқа созылады. Қателессеңіздер кезек қарсыластарыңызға өтеді. Егерде дұрыс жауап табылмаса сіздерге 3 көмек оқимын. Әрбір пайдаланылған көмектен 100 ұпай шегеріледі.

№1. Баукеңнің әскерді басқару шеберлігі яғни қолбасшылық жасағаны әлемге аян.
Сұрақ: Б. Момышұлының соғыс тактикасы деген оқу пәні қай елдің әскери оқу орындарында оқытылады және білімгерлер осы пәннен емтихан тапсырады?
1 Әлемдегі ең төмен жер
2 Жерорта теңізінің шығыс жағалауында орналасқан
3 Жер аумағы Жуалы ауданынан 3 - ақ есе үлкен Азиядағы дамыған мемлекет, астанасы Тель - Авив қаласы
Жауабы: Израиль мемлекетінде


№2. Жерлесіміз Бауыржан Момышұлы батыр атамыз бала тәрбиесі туралы ХХ ғасырдың 70 - жылдары былай деп қынжылған екен: Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді осы кездері қорқынышым көбейіп барады деп.

Сұрақ: Балалар тәрбиесі болашағы туралы батырдың 3 қорқынышы қандай еді?
1 Бірінші қорқынышы жаңа туған сәбиге, оның анасына қатысты
2 Екінші сәбилерді тәрбиелейтін әжелері туралы
3 Үшінші қорқынышы балалардың қатыгездігі, оқуға қызығушылықтарының төмендігіне қатысты
Жауабы: 1. Балаларға бесік жырын айтатын келіндерімнің азайып бара жатқанынан қорқамын.
2. Немерелеріне ертегі айтып беретін әжелердің азайып бара жатқанынан қорқамын.
3. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Қолына кітап алмайды. Өйткені, бесік жырын естіп, ертегі тыңдап, дәстүрді бойына сіңіріп өспегеннің көкірегі көр бола ма деп қорқамын.

№3. Б. Момышұлы соғыстан кейін басқа қызметтерге бармай, жазушылыққа бет бұрғаны бәрімізге белгілі. Оның өз себебі болды. Сұрақ: ол қандай себептер немесе себебі неде?
1 Батырға өз дәрежесіндегі қызметтердің бұйырмауы
2 Отставкаға кету туралы бұйрық
3 Билік басындағылардың немесе жоғарыдағылардың қарсылығы
Жауабы: Б. Момышұлының бетің бар, жүзің бар демей, шындықты айтуы ақ жағалыларға ұнамаса керек. Соның бір дәйегі маршал Б. М. Гречко өзіне лайық бағасын алып, қызмет етуіне “Через мой труп” деп тікелей қарсылық көрсеткен. Сол себепті Б. Момышұлыға қызмет есіктері жабық болды.

№4. Батыр Бауыржан өзінің жанына адал достарын жинай білген. Сұрақ: Б. Момышұлының ең жақсы көрген аяулы досы кім?
1 Аса интернатында бірге оқыған
2 Соғыста жанында жүріп серік болған
3 Жұмбақ досына арнап Досыма өлеңін шығарған.
Жауабы: Құрманбек Сағындықов - журналист, аудармашы, қоғам қайраткері, филология ғылымының кандидаты.
ІІ айналым нәтижесі білейік!

ІІІ айналым шарты:
4 сұраққа тірек - сөздер берілген. Сол сөздерге қарап ұпай сандарын тігесіздер. Сұрақты таңдаған команда сұраққа қателессеңіздер сол таңдаған ұпай сандарыңыз шегеріледі. Дұрыс жауап болмаса келесі қарсылас топ жауап береді. Егерде сіздер ұпай санын сақтап қаламыз десеңіздер жауап беруден бас тартуға болады.
№1 Намыссыздық
Байланыс құралы
Ұлт мүддесі

Халқымыздың әйгілі батыры өткен ғасырдың ортасында - ақ ұлтымыздың төбесіне үйірілген қара бұлтты көрегендікпен көріп, 1944 жылы Қазақстан Коммунистік партиясы басшысына хат жолдаған.
Сұрақ: Баукең ұлтымыз үшін ХХІ ғасырдың басында да әлі шешімін таппаған қандай көкейкесті мәселені көрегендікпен, қынжыла көтереді? Жауабы: Қазақ тілі мәселесі
№2 Дәстүр
Қателік
Үлгі - өнеге
Б. Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова жас кезінде бір мезетте бірден 4 қателік жіберіп алғандығы туралы естеліктерінің бірінде жазады. Баукең қонақжай кісі болғнандығы елге аян. Сыйлы қонаққа бас тартылады. Жас келін Зейнеп басты алып кіреді. Сол кезде Бауыржан ата келініне жайлап жіберген қателіктерін түсіндіріп шығады. Сұрақ: З. Ахметованың жіберген қателіктері қандай еді және салт - дәстүр бойынрша ол амалдар нені білдіреді? Жауабы: Бірінші қателігі қойдың басы оңнан солға және төбесінен тұмсығына дейін пышақпен тілінеді – “төрт құбылаң түгел болсын” дегенді білдірсе керек; екіншіден бір құлағы кесіледі, ені қай құлағына салынса сол құлағы – “малдың бас жібі сияқты ені бөгде кісіге кетіп қалмасын”; тістері қағылады – болмаса дастархан басындағылар “үй иесі қонақтарына тісіп қайрап отыр, батырып отыр” деп ойлап қалуы мүмкін; соңғысы, басты алып кіргенде табаққа тұмсығын алдына қаратып қойып, дастарханға қоярда қонаққа желке жағын қаратады – сыйластықтың белгісі.
№3. Хат
Тәрбие
Ойын
Батыр соғыста жүріп ҚазССР - і Халық комиссарлары советінің председателі Оңдасынов Жолдасқа жазған хатында жауынгерлерді ерлікке, тапқырлыққа, шешендікке баулудың жолдарын көрсетеді. Сұрақ: Ол қандай жолдар? Жауабы: Баукең жауынгерлерді ерлікке, отансүйгіштікке, шешендікке тәрбиелеуде көкпар, аударыспақ, бәйге сияқты ат ойындарына үйрету, айтыс, мақал - мәтел, жыр айтқызу, асық, жамбы ату ойындарын үйрету, яғни салт - дәстүріміз негізінде тәрбиелеуге баса назар аударған.
№4. Шежіре
Сенім
Профессор
Баукең 1969 жылы 14 мамыр күні өз қолымен жазған шежіре мен әкесінің қолымен жазылған шежірені кімге сеніп табыстады? Жауабы? Мекемтас Мырзахметұлы – профессор, ҚР - сы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
IV айналым шарты:

Құрметті сайыскерлер сіздерге 4 тапсырма беріледі. Тапсырмада Б. Момышұлының нақыл сөздеріне байланысты анаграммалар берілген. Тапсырма ашылмас бұрын жасырын ұпай сандарын тігесіздер. Жауаптарыңыз бар болса парақшаға жазып алдыға қойсаңыздар жауаптарыңыз бар деп есептеймін. Қате болған жағдайда тіккен ұпайларыңыз шегеріледі.

№1 Білмей тұрып.... айтудан аулақ бол
ЛҚАЫ -- АҚЫЛ
ИБІКЛ -- БИЛІК
МААР -- АРАМ
ЖАҒЛАН -- ЖАЛҒАН


Скачать


zharar.kz