Қазақстанда болған оқиға

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Тарих ғасырлар куәсі тарихи танымдық сайыс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ҰБТ - ға дайындығын бақылау, тарих пәніне қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: а) тарихи деректер бойынша тапсырма жасай білу дағдысына үйрену
ә) Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту
б) өз пікірін қорғай білу дағдыларына төселдіру
Тәрбиелік: а) бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру
ә) тарихты оқып, үйренуге және ұлттық намыс қалыптастыру
б) ерлікке батырлыққа, Отанын сүюге, оған қызмет етуге, Отанды қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың түрі: ашық тәрбие сағаты
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
Оқушылармен сәлемдесіп, оқушыларды ортаға дөңгелендіріп отырғызу.
Тарих рецептімен жасалмайды. Оқиғаларды бағалағанда біз нақты тарихи жағдайларға, қолдағы бар мәліметтерге сүйенуіміз керек. Не нәрсенің де мәнін түсінуге бастайтынкілт – сол - деп Ермұқан Бакмаханов ағамыз айтқандай, сіздер Тарих ғасырлар куәсі атты тарихи танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Бұл білім сайысына 10 оқушы қатысқалы отыр. Олар өздерінің осы уақытқа дейінгі ҰБТ - ға дайындықтарын ортаға салмақшы.
Олай болса сайысымыздың әділ бағасын шығару үшін әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін:
Өткел кезеңі:
А) Тарихқа саяхат ( Әр оқушыға 10 сұрақтан қойылады. Әр жауапқа 1 балдан қойылады.)
Ә) Әріптер сөйлейді (Қойылған сұрақтың жауабы алфавиттегі әріптен басталады немесе аяқталады. Әр жауапқа 1 балдан қойылады)
Б) Тарихи оқиғалар (Слайдта көрсетілген уақыт аралығында қандай оқиғалар болды табу керек. Әр жауапқа 5 балдан қойылады.)
Самғау кезеңі:
А) Тапқыр болсаң тауып көр Хронологиямен жұмыс (10 мин уақыт беріледі. Әр жауапқа 1 балдан қойылады)
Ә) Иә ма, Жоқ па ойыны (Әр оқушыға 5 сұрақтан қойылады. Әр жауапқа 5 балдан қойылады)
Б) Тарихи көмбе (Тарихта кездесетін сөздердің мағынасын ашу. Әр жауапқа 5 балдан қойылады)
Осы екі кезеңнен 50 бал жинаған оқушы келесі кезеңге өтеді.
Шарықтау кезеңі:
А) Тарихи басқатырғыш ( Берілген басқатырғыштан дұрыс жауабын табу. Әр жауапқа 5 балдан)
Ә) Ойды аяқтау (20 сұрақ қойылады. Әр жауапқа 1 балдан)
Б) Кім, не жазған... (Слайдта берілген сөздердің егесін табу. Әр жауапқа 5 балдан)
Осы кезеңнен ең көп бал жинаған 3 оқушы келесі кезеңге өтеді.
Шырқау кезеңі:
А) Қазақстан мәдениеті
Ә) Суреттер сыр шертеді ( Берілген суретте кім немесе қандай оқиға баяндап беру керек. Әр жауапқа 1 балдан)
Б) Эрудит (Слайдта басқа пәндерден мұғалімдер сұрақ қояды. Әр жауапқа 1 балдан)
Жерұйық кезеңі.( Жеңіп шыққан оқушымен супер ойын ойнау)

Білімдіден шығады алғыр шешен,
Шешендікпен болған ғой барлық көсем.
Сайра шәкірт, суырып шарықташы,
Қалмасын бұл сайыста сенің есең,- дей келе сайысымызды бастайық.
Өткел кезеңі:

Тарихқа саяхат Әр оқушыға 10 сұрақтан қойылады.
Әріптер сөйлейді:
А – Еліміздің оңтүстік станасы: Алматы
Ә – Абылай ханның шын есімі: Әбілмансұр
Б – Астана қаласының символы: Бәйтерек
В – 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға: Валюта енгізілді
Г – Тарихтың атасы: Геродот
Ғ – Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ: Ғасыр адамы
Д – алла тарапынан берілетін әмір, міндет пен тыйымдардың жиынтығы: Дін
Е – Алтын адам қайдан табылды: Есік қорғанынан
Ё – Конституцияның құрылымы: 9 тарау 98 бап
Ж – Мен қазақпын поэмасын жазған адам: Ж. Молдағалиев
З – Сиырдың пірі: Зеңгі баба
И – Елбасымыздың мамандығы: Инженер - металлург
Й – Алаш сыйлығын алған жазушы, қажы: Халифа Алтай
К – Қазақтың соңғы ханы: Кенесары
Қ – Ж. баласағұнның ХІ ғ. жазған еңбегі: Құтты Білік
Л – кеңес үкіметінің басшысы Ленин
М – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі: Мұхтар Құл - Мұхамед
Н – Күйші, сазгер, дирежер, домбырашы: Н. Тілендиев
Ң - Қазақстанның ең биік шыңы: Хантәңірі
О - Қазақстанның бірінші астанасы: Орынбор
Ө – Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы: Өскемен
П – Жоғарғы заң шығарушы орган: Парламент
Р – 1995ж әлемнің әйгілі әйелдері деген энциклопедияға енген адам: Р. Бағыланова
С – Сүтке араластырылып желінетін тарыдан жасалған қазақтың ертеден келе жатқан тағамы: Сөк
Т – Қазақстанды алғаш тәуелсіз ел деп таныған ел: Туркия
У – Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті: Уыз
Ұ – Кеңес Одағы мен Германия арасындағы соғыс: ҰОС
Ү – Жыл мезгілін қазақтар қандай жұлдызға байланысты білген: Үркер
Ф – Екінші ұстаз атанған ғұлама: фараби
Х – 2009ж. 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанда болған оқиға: Халық санағы
Һ – Қазақстан Республикасына сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздік жолында күресі үшін берілетін орден: Халық Қаһарманы
Ц – Астана қаласының бұрынғы атауы: Целиноград
Ч – қазақтың ұлы ақыны: Абай
Ш – аса көрнекті сазгер, ән жанырының майталманы: Ш. Қалдаяқов
Щ – Биыл Тәуелсіздікке неше жыл: 22 жыл
Ъ – Халықаралық тіл: Орыс тілі
Ы – Қазақтан шыққан суретші қыз: Г. Ысмаилова
І – Көшпенділер триллогиясының авторы: І. Есенберлин
Ь - Қазақтың ең биік тауы: Тянь - Шань
Э – Халықтардың әдет – ғұрып, салт – дәстүрін зерттейтін ғылым: Этнография
Ю – халқымыздың қолданбалы өнерінен жеткен табыстарының бірі: Ою
Я – Кеңес Одағы батыры атағын алған мерген: Әлия

Тарих ғасырлар куәсі тарихи танымдық сайыс. жүктеу


Скачать


zharar.kz