Сабақтың тақырыбы: Халық қорғаны (ел аузынан)
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының батырларымен таныстыру. Оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеуге, шығармашылық жұмыста шапшаңдық танытуға, өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру таным белсенділіктерін дамыту. Балаларды ержүрек батыр, батыл, елін сүйетін, елін қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі - тәсілдер: Интерактивті тақта, сын тұрғысынан ойлау, топтастыру, ой қозғау, бес жолды өлең құрастыру, сұрақ - жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: қазақ батырларының суреттері, сабаққа қатысты сызба нұсқалар, бейнежазба
Ұйымдастыру бөлімі:
Барлығы:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
Ой қозғау: Сурет (бес қару) бойынша жұмыс.
– Бұл суреттерді көріп, не ойлайсыңдар?
– Кімдер қолданды?
– Қай кезде қолданды?
– Кімдерге қарсы қолданды?
– Не үшін қолданды?
- Қандай батырларды білеміз?
- Дұрыс айтасыңдар балалар. Бейнежазбаны тамашалайық: Бүгінгі сабағымыз осы тараудың бірінші тақырыбы: Халық қорғаны
Оқулықпен жұмыс: Мәтінді үш бөлікке бөліп оқыту, түсіндіру.
Сөздік жұмыс:
Шұбырынды - қорғансыз, панасыз есеңгіреген халық.
Жасақ - әскер.
Ақылгөй - ақылды, ақыл беруші.
Жарақ - құрал, қару.
Жарым - бірлі – жарым, аздаған.
Пырақ - жүйрік ат, тұлпар.
Сұрақ - жауап алысу: - Кім туралы болды?
– Кімдер шапқыншылық жасады?
– Олардың ойы?
- Бас көтерген кім болды?
- Ол не істеді?
– Бұқар жырау батырды неге теңеді?
Топтастыру стратегиясы:
Сергіту сәті:
Топтық тапсырма:
I. Өзіңді жас батырмын деп ойла. (не істер едің)
II. Батырға хат жазу
III. Батырлар туралы мақал - мәтел.
Бес жолды өлең құрастыру
Қорыту: - Балалар қазір біз кино фильм, мультфильмдер көреміз ба?
– Ұлы отан соғысы батырларынан кімдерді білеміз?
– Кеше арамыздан кеткен атамыз кім?
Үйге тапсырма: мәтінді оқып, эссе жазып келу.
Бағалау: Бүгінгі сабағымыз батырлар, соғыс жайлы болды. Енді соғыс болмасын, бейбітшілік болсын деп сабаққа жақсы қатысқан балаларға бейбітшілік құсының суретін таратамын.