Жаңа сабақ айлағы жаңа тақырыпты түсіндіру

Скачать

Сабақтар тізімі:
1. d – элементтер сипаттамасы. Мыс. Мырыш
2. Аммиак және оның қосылыстары

Химия 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: d – элементтер сипаттамасы. Мыс. Мырыш
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: d - элементтердің (мыс және мырыш) периодтық жүйедегі орнын, табиғатта кездесуі, алынуы, физикалық қасиеттері, химиялық қасиеттері, қолданылуын, қосылыстары туралы білімді меңгерту;
Ә) Дамытушылық: Оқушының пәнге қызығушылығын, дүниетанымын, сілтілік - жер металдар жайлы алған білімді одан әрі дамыту.
Б) Тәрбиелілік: Мыс пен мырыштың тұрмыста қолданылуын, өмірдегі маңызын түсіндіріп, тиімді қолдана білуге үйрету
Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Қолданылатын әдістер мен тәсілдер: сұрақ - жауап, есептер шығару, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: география, физика, биология.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, периодтық кесте, сурет салынған плакат; реактивтер мен құралдар: натрий сілтісі, калий сілтісі, мыс пен мырыштың тұздары, сынауықтар, пипетка.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру;
ІІ. "Күн айлағы" өткен тарауға шолу (Мағынаны тану)
ІІІ. "Жаңа сабақ айлағы" жаңа тақырыпты түсіндіру;
ІV. Сабақты бекіту "Табиғи су қорлары аймағы" тәжірибелер жасату;
V. "Гүлдер айлағы" тапсырмалар орындау;
VІІ. Үй тапсырмасын беру. "Өндіріс айлағы" Венн диаграммасы
VІ.. Қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: А) сәлемдесу; б) оқушыларды түгендеу; в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. "Күн айлағы" өткенге шолу (сөзжұмбақ шешу)
1. Құрамында Са2+ және Mg2+ иондары бар су қалай аталады?
2. Электр тогын өткізу бойынша 2 - орындағы металл
3. Ас тұзының құрамында болатын сілтілік металл
4. Судың кермектігі 2 - ге бөлінеді
1).......... кермектік
2) тұрақты кермектік
5. Стоматология саласында қолданылатын бейметалл элемент
ІІІ. "Жаңа сабақ айлағы" жаңа тақырыпты түсіндіру:
d – элементтер - периодтық жүйедегі ауыспалы элементтер. Оларда сырттан санағанда екінші энергетикалық деңгейдің d - деңгейшесі электрондарға толтырылады. Олардың барлығына металдық қасиет тән. Қосылыстарда әртүрлі тотығу дәрежесін көрсетеді.
Маңызды d - элементтер: мыс пен мырыш.
Мыс – белсенділігі төмен металл. Адамдарға ертеден белгілі. Мыс көптеген минералдар т. үзеді. Саф және қосылыс күйінде жер қыртысында кездеседі.
Физикалық қасиеттері
☼ ашық қызғылт түсті, жеңіл созылады
☼ ауыр металл, тығыздығы 8, 9 г см ³
☼ қиын балқиды tбалқу = 1083 ºС
☼ жылу мен электр тогын жақсы өткізеді
Мырыш – ауада тұрақты, орташа белсенді металл. Мырыштың өзі және оның қосылыстары екідайлы қасиет көрсетеді.
☼ көкшіл ақ түсті, созылады
☼ қаттылығы орташа, ауыр металл тығыздығы 7, 13 г см3
☼ оңай балқиды tбалқу = 419, 4 ºС
☼ металдық жылтыры бар, ылғалды ауада ол қасиеті жойылады


Скачать


zharar.kz