Карағанды облысы, Приозёрск қаласы.
Наркулова Эльмира Жексенбаевна
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ою - өрнектері
Мақсаты: Оқушыларды ұлтымыздың ою - өрнектерімен, олардың түрлерімен таныс - тыру. Ою - өрнектер түрлерін өздері ажырата білуге, ою - өрнектермен өрнектей алуға үйрету.
Ою - өрнектерді өздеріне жасата отырып, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, белсенділікке балу, саусақ қимылдарын дамыту.
Елін, жерін, ұлтын сүюге, сонымен қатар ұлтымыздың салт - дәстүрін біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Ата - бабамыздан қалған ұлттық көркем қолөнерімізді одан әрі жалғастырып, оны жандандыратын өздері екенін сезіну.
Көрнекілігі: Ою - өрнектер суреті, заттық бұйымдар, қайық, жазылған сөздер, жылқы суреті, өзен, жайлау бейнесі, киіз үйдің нұсқасын жасау, ішін ұлттық бұйымдармен безендіру.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топтық, саяхат, сахналау.
Тәрбие сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық көңіл - күй.(қолдарынан ұстайды)
1 - қатар: Біз бір - бірімізге жақсылық тілейміз.
2 - қатар: Біз бір - бірімізге қуаныш тілейміз.
3 - қатар: Біз бір - бірімізге сәттілік тілейміз.
Бәрі хормен: Біз бір - бірімізді жақсы көреміз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев: Ұлттың мұраты жолында ұйысайық, жаһандану жағдайында да ерекше қазақы қасиеттерді сақтап қалу үшін біз көп нәрсені ескеруге тиіспіз , - деп ұлттық болмысты сақтай отырып, дамудың алғы шебіне шақырғаны белгілі. Халқымыз атам заманнан өмірлік тәжірибеге, ата – бабаның дала тіршілігі қалыптастырған дәстүріне сүйенген. Ел боламыз десек, бұдан былайғы мақсат сол заманалар бойы өмір сынынан өткен салт - дәстүрлердің озық үлгілерін ұрпақ бойына сіңіріп, рухани жағынан адам тәрбиелеу - бүкіл қоғам алдында тұрған басты міндетімі
II. Қызығушылықтарын ояту:
1. Ең алдымен сандар арқылы өрнек сөзін шығарып алу. Мысалы бірінші ө әрпін шығару үшін төрт санының екінші әрпін тауып алу керек. Төрт санының екінші әрпі ө . Осы әдіспен келесі әріптерді таба отырып, өрнек сөзін шығарып алу.
4 - 2 ------- 1 - 3 ------- 10 - 2 ----- 5 - 2 ----- 2 - 2
Ө ------------ Р --------- Н ----------- Е --------- К
2. Топтастыру.
- Өрнек дегенде ойларыңа не келеді?
III. Мағынаны тану. (Өзім толығырақ өрнек жайлы айтып кетемін)
- Дұрыс балалар, өрнек дегеніміз - бірнеше көркемдеп сызылған сызықтар жиынтығынан құралған әсемдік сызба. Өрнектер түрі көп. Әр ұлттың өзіне тән ою - өрнектері бар. Өткен бейнелеу сабағында біз Өрнекті табақ тақырыбын өткенбіз. Сонда қай ұлттың өрнегімен табақты өрнектедік? (Орыс халқының ою - өрнектері болатын)
Ал бүгінгі біздің тақырыбымыз Қазақтың ұлттық ою - өрнектері деп аталады. Ою - өрнек сөзі - латынның орнамент деген сөзінің баламасы. Орнамент сөзі – сәндеу немесе әсемдеу деген ұғымды білдіреді. Ою сөзі, біріншіден, ағаш немесе темір материалдарын ойып, затты көркемдеу дегенді білдірсе, екіншіден, материалды ою немесе ою үлгісін дайындау дегенді білдіреді.(көрнекілікпен көрсетемін).
Ою - өрнек – бұл сызба. Халық шеберлері ою - өрнекті өсімдік, жануар, құс, ғарыштық денелер бейнесіне ұқсатып құрастыра білген. Ою - өрнекті тұрмыстық мүліктер мен бұйымдарды безендіруге қолданған. Ұлттық ою - өрнектердің сан алуан түрі барын айту.
- Ал, балалар, айтыңдаршы, ою - өрнектерді қандай заттарда кездестірдіңдер?
Оқушылардың жауабын тыңдап болғаннан кейін:
- Ою - өрнекті кімдер жасайды? (Әжелеріміз бен аналарымыз)
Әжемізден ою - өрнектер туралы сұрап алуымыз керек. Сол үшін, балалар, бүгін жайлауға ата - әжеміздің үйіне барамыз. Жайлауға саяхаттап келеміз. Жайлауға бару үшін жылқы керек.(Осы кезде жылқының дауысы шығады, жылқының шауып келе жатқан дүбірі естіледі)
- Жылқыға мінбес бұрын біз бір сұраққа жауап беруіміз керек екен.
- Қазақта киелі сан қандай сан? (7)
- Қазақта 7 қазына деген бар. Егер сендер жеті қазынаны атап берсеңдер жылқылар келеді. (1. Ер жігіт 2. Сұлу әйел 3. Ақыл, білім 4. Жүйрік ат 5. Қыран бүркіт 6. Берен мылтық 7. Жүйрік тазы. )
Әрі қарай жүрсек алдымызда өзен сұлап жатыр.
- Өзеннен өту үшін бізге не керек? (Қайық)
- Қайыққа бәріміз бірдей сыймаймыз. Сондықтан бізге үш қайық керек. Ол үшін біз тағы үш сұраққа жауап беруіміз керек.
1. Жақсылық күндерде, келін түскенде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде немесе зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, теңгеден салтанатты дәстүр жасайды. Сол дәстүр қалай аталады?(Шашу)
2. Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып? (Тұсаукесер)
3. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - сауық, той? (Шілдехана)
Бұл кедергіден де мүдірмей өттік. Ал енді қайыққа мініп, өзеннен өтейік. (Осы кезде судың сылдырап аққан дауысы естіледі)
- Балалар, міне біз жайлауға да келдік.
Хормен:
Біз жүрдік, жүрдік, жүрдік,
Жайлауға жақын келдік.
Армысың, ата!
Біз саған қонаққа келдік.
(Осы кезде оқушылардың арасынан бір қыз әженің рөлін, екі қыз немеренің рөлдерін, бір бала атаның рөлін ойнайды. Бұл жерде әже – Исатай Ханшайым,, ата - Айдархан Қарлыби, немерелері - Шиналиев Асхат, Бейсетай Жансая)
Әже:
- Айналайын, балаларым, келіп қалдыңдар ма? Жоғары шығыңдар. Келу себептеріңді айта отырыңдар.
Балалар:
- Әже, біз сізден ою - өрнектер жайлы білуге келдік, әрі сіздерге көмектесуге келдік.
Ата:
- Онда балалар дұрыс келіпсіңдер. Әжелерің ою - өрнектің нағыз шебері. Әжелерің сендерге ою - өрнектер жайлы көп нәрсе үйретеді. Сендер ою - өрнектеріңді сұрай беріңдер. Мен қойларды бір қарап келейін.
Әже:
- Балалар, қане жайғасып отырыңдар. Мен сендерді ою - өрнектің түрлерімен таныстырып өтейін. Мен жалғыз емеспін. Маған көмекші екі немерем бар. Біреуінің аты - Жансая, екіншісі Асхат. Екі немеремде сендерге ою түрлерін таныстырып өтеді.
Алдымен әженің өзі ою - өрнектердің бірнеше түрімен таныстырады.
Немересі Жансая бірнеше ою - өрнек түрімен таныстырады
Немересі Асхат бірнеше ою - өрнек түрімен таныстырады.
Оюлар. Ф: Оңғарсынова.
1. Түрін - ай текеметтің! Асыл қандай! Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
Келе ғой, қошақаным, өзіме! деп Әжем кеп, сипағандай шашымнан жай.
2. Күйімді кешсеңдер - ау сол беттегі,
Тұрғандай ана - көңіл тербеп мені.
Жан бітіп, жайраңдалды жан - жағымнан
Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері.
3. Аңсаумен күнім өтті қанша менің,
Желбауда, басқұрда ма аңсау елім,
Әжемнің тарамысты саусақтарын.
Таба алмай дала кезіп шаршап едім.
4. Елестеп көз алдыма сән шақтарым,
Келгендей құлағыма аңсатқан үн.
Түрінен текеметтің көріп тұрмын.
Әжемнің тарамысты саусақтарын.
5. Шебер біздің әжеміз,
Шебер біздің атамыз,
Шебер болған бабамыз,
Бізде шебер боламыз.
6. Бұйымдар мен заттарды
Сәндеу үшін көрнекті
Қиын да болса қиналмай
Менде үйрендім өрнекті.
Әже:
- Балаларым, сонымен қандай өрнекпен таныстыңдар?(Балалардың жауабы тыңдалады.)
- Өте жақсы. Енді осы ою - өрнектерден текеметті өрнектейік.
- Текеметтің не екенін білесіңдер ме? (Текемет туралы бір оқушы толық мәлімет беріп кетеді.)
Әже:
- Балалар, мен текеметті өрнектеуді жарыс түрінде өткізгім келіп тұр. Қане, сендерді үш топқа бөліп алайын. Ол үшін сендер мынау тұрған оюларды таңдап, ондағы сұраққа жауап берулерің керек.(Балалар санына байланысты сегіз - сегізден үш түрлі ою берілген. Әр оқушы келіп, өзіне ұнаған оюды таңдап алады және әр оюдың артында жазылған бір сұраққа жауап берулері керек. Ондағы сұрақтар қазақтың салт - дәстүріне байланысты берілген. Әр оқушы өзіне ұнаған оюды таңдайды. Қандай ою екенін атайды. Бірдей ою алған балалар бір топқа жинақталады.)
Үш топ құрылады.
1 - топ Қошқармүйіз
2 - топ Өркеш
3 - топ Қырықмүйіз
Толық нұсқасын жүктеу