Антоним (слайдымен)
Сабақ мақсаты: Антоним сөздердің ерекшелігін білу, антоним сөздерді қолдана білуге үйрету, топта бір - бірін тыңдай білуге баулу
Күтілетін нәтиже: Антоним сөздердің ерекшелігін біледі, антоним сөздерді қолдана білуге үйренеді, топта бір - бірін тыңдайды.
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақ типі: Жаңа сабақты игерту
Сабақ формалары: ұжымдық, топтық, жұптық, жеке
Қолданылатын әдіс - тәсілдер
Суреттер сөйлейді,
Венн диаграммасы
Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс
Жеке жұмыс
Құрал жабдықтар, көрнекіліктер: интербелсенді тақта, бейнекамера, жұмыс дәптері
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері
Пайдаланылатын әдебиеттер: Г. Қосымова, Ж. Даулетбекова, Қазақ тілі 5 - сынып, Атамұра 2010, Ш. Қ. Бектұров, Қазақ тілі, Мектеп , 2006
Лексика жұмыс дәптері, Алматы, 2014
Қосымша әдебиет: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, үшінші басылым, www. cpm. kz6, Назарбаев Зияткерлік мектебі ДББҰ, 2012
Мұғалімнің іс - әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал туғызу:
Мұғалім оқушыларға:
- Саламатсыңдар ма, оқушылар?
- Сабаққа дайындығымыз қалай?
Мұғалім оқушылардың көңіл - күйін, сабаққа дайындығын байқайды.
Мұғалім оқушыларға Шаттық шеңберін жасауды ұсынады
Ой қозғау
Суреттер сөйлейді
Интербелсенді тақтадан суреттер көрсетіледі.
Мұғалім:
Суреттен не байқадыңдар?
Суретте не бейнеленген?
Неге олай ойлайсың?
Қандай ерекшелік байқадыңдар?
Осы сөздерден қандай қорытынды шығарар едің?
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бердіқожаева Меруерт
Толық нұсқасын жүктеу