КЕЛІНГЕ БАТА
Құтты болсын қадамың,
Келін болдың, қарағым.
Салтын ұстап ардақта,
Бұрынғы ата - бабаның.
Отша лаулап сөнбегін,
Еш жамандық көрмегін.
Бақытты бол, келінжан,
Сәбидің жуып жөргегін,
Ошақтан от кетпесін,
Үйіңнен көп кетпесін,
Қосағыңмен қоса ағар,
Дұшпанның көзі өтпесін.
Адал болып жарыңа,
Қанағат қыл барыңа.
Қайғы мен мұң түспесін,
Ақ қағаздай жаныңа.
Әумин!