Оңтүстік Қазақстан облысы,
Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Қазақ тілі мұғалімдерінің міндеті – мәдениетті түрде біліммен, іскерлікпен қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу.
Мектептің оқыту үрдісіне енгізіліп жүрген технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану балалардың тілін дамытып, тілді меңгеруіне мүмкіндік береді. Жаңаша оқытудың ерешеліктері сол нені білетінін, нені меңгергенін, нені меңгермегенін білуге болады. Соның нәтижесінде оларда намыс пайда болып, қасындағы оқушыдан қалып қалмау үшін сабаққа дайындалу ынтасы арта түседі.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының стратегияларын сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығуы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады. Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамытуға негізделген сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе, бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқушы білімді өз ізденісімен, өз біліктілігімен алады, іскерлік дағдалары қалыптасады.
Әрбір технология жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Осы әдіс-тәсілдерді мұғалім іздену арқылы іріктеп қолданады. Тиімді, пайдалы жерлерін жетілдіре түседі. Қызықты сабақ болса оқушының сол пәнге қызығуы артып қоймай, мұғалім жаңалығы, ізденісі, қолданған әдісі арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын алады.
Сыни ойлауды қалайша айқындай аламыз?
Толық нұсқасын жүктеу