2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Байлық пен ақыл (Ертегі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
2. 2. 6. 1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез - құлқы мен іс - әрекетін бағалау
Сабақтың мақсаты: Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез - құлқы мен іс - әрекетін бағалау
Ойлау деңгейлері: білу және түсіну
Бағалау критерийлері:
Ертегінің мазмұнын меңгереді, негізгі идеясын ұғынады.
Ақыл мен байлық сөзінің мағынасын түсінеді.
Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттайды.
Мінез - құлқы мен іс - әрекетін бағалайды
Тілдік мақсат: Әр сөзге мағына береді
Пәндік лексика және терминдер: Байлық - богатство, мұрагер - наследник.
Талқылауға берілген сұрақтар: Байлық дегеніміз не?
Денсаулық дегеніміз не?
Денсаулық – зор байлық дегенді қалай түсінесің?
Бұған дейінгі меңгерілген білім: Аңқау арыстан( ертегі)
Сабақтың басы
Амандасу сәті:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз!
Оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында бір - бірлеріне мадақтау сөздер айтқызу.
Мысалы: Айым сен - Айдайсын!
Азамат сен - Ақылдысың!
Әшекей бұйымдар арқылы топқа бөлу
Сабақтың ортасы
1. Үй тапсырмасын сұрау.
2. Сұрақ - жауап:
Балалар, біз жан - жануарлар туралы ертегілермен, қиял - ғажайып ертегілерімен таныстық.
Біз қай ертегі түрімен таныспадық? (Шыншыл)
Ой шақыру әдісі
Байлық дегеніміз не?
Денсаулық дегеніміз не?
Денсаулық – зор байлық дегенді қалай түсінесің?
Ақылды болу үшін не істеу керек?
2. Электронды оқулықпен жұмыс
"Байлық пен ақыл"ертегісін тыңдату.
№1 Оқулықпен жұмыс
Дескриптор
Ертегіні іштей және тізбектей оқиды.
Түсініксіз сөздерді түртіп алады.
Байлық пен ақыл (Ертегі) жүктеу