Өнерсіз қыздан без

Скачать

Қазақ халқының салт - дәстүрлері
Қыз таңдау дәстүрі

Қызға қойылатын талаптар:
1. Қыз бен жігіт арасындағы туыстық жеті атаға толуы.
Талапқа сай ұлттық түсінік: Жеті атасын білмеген жетесіз.
Жеті атасын білген жігіт, жеті жұрттың қамын ойлайды. Жеті атаға толыстық, жеке ел болыстық.

2. Қыз бен жігіт арасындағы жас үйлесімді болуы.
Отау тігер жас жігіттерде 19 бен 25, ал жасы қыздарға 18 бен 25.

3. Қыздың ақылдылығы.
Талапқа сай ұлттық түсінік:
Отау тігер, қарап ал ақылдысын.
Ол сенің ақыреттік жақын кісің. (Шал ақын)

Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,
Ата - ананың қызынан қапы қалма. (Абай)

4. Қыздың тектілігі.
Талапқа сай ұлттық түсінік: Тегіне қарап қызын ал
Соғуына қарап қару ал.
Көріп алған көріктіден,
Көрмей алған текті артық.
Аяғын көріп асын іш,
Шешесін көріп, қызын ал.

5. Қыздың сымбаты мен көркі.
Талапқа сай ұлттық түсінік: Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне.
Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу,
Махабаттың отына күйген сұлу.
Ақылына көркі сай.

6. Қыздың іскерлігі.
Талапқа сай ұлттық түсінік: Өнерсіз қыздан без.
Өнегесіз ұлдан без.


Скачать


zharar.kz