Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар мерекесі

Скачать

Жаса, жайна, аналар!
Жүргізуші: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар.
Бәрімізге анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймыз, аналар.
Бүгінгі көктем мерекесі, Аналар мерекесі құтты болсын деп айтамыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілей отырып, бүгін біз де аналарымыздың мейрамымен құттықтай отырып Жаса, жайна, аналар! атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Ән: Айналайын, ақ мамам!
Тақпақтар:
Азат: Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің,
Құлыншағым, күнім дейтін.
Асылым: Ақ жүректе сақтаған
Жарқын күлкің бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйемін
Келші келші ақ мамам.
Медина: Қамқоршы боп жүресің,
Маңдайымнан сүйесің.
Суға түсіп, отқа да
Бір мен үшін күйесің.
Би: Джентельмендер
Жүргізуші: Теңізді де кешіп өтіп жетпей ме,
Жан ботасын сағынғанды Аруана - дегендей, ана бауыр еті баласы үшін отқа да күйеді, суға да түседі. Тіпті жан - жануарлар да баласына мейіріммен қарайды. Ал қазір құрметті қонақтар, 7 лақтың анасын құттықтағанын тамашалайық.
7лақ, қасқыр және аю (қойылым)
(Лақтар анасымен бірге әсем музыканың әуенімен сахнаға шығады)
Анасы: Ән айтып береді...
Лақтар: (Лақтар анасын шығарып салып, әндетеді.)
Лақ: Бауырларым, анамызға арнап ән салайық.
Ән: Біздің ана керемет
Лақ: Осынша көп ойнадық,
Қасқыр берер жазаны.
Көз салыңдар жыраққа,
Анау екі шыраққа.
Лақтар: Ойбай, қасқырдың өзі ғой,
Оттай жанған көзі ғой.
Бір бәлені сезіп ек,
Ал, қашайық, тезірек.
(Қасқыр келеді)
Қасқыр: Қасқыр, қасқыр, қасқырмын,
Бәріңді де састырдың.
Бүгін менің қарным аш,
Ұстап жеймін, қане қаш.
Кім қатты өлең айтып, маған ұйқы бермеген. Тәтті иіс шығып тұр ғой?! Бұл не?(столға жақындайды) Картоп қосылған бәліш, құлпынай тосабы мен тәтті шәй! Бүгін кімнің туған күні?
Лақтар: Қасқыр сен білмейсің бе?! Бүгін аналарымыздың мейрамы ғой.
Қасқыр: Қазір сендерді аналарыңмен қоса жеймін. Сосын бәліш, тосап. Міне болады керемет!
(лақтар бір - біріне қарап)
Лақ: Бауырларым саспаңдар,
Жеке дара қашпаңдар.
Айласын тауып асырып,
Бірігіп қасқырды жеңеміз.
Қасқыр: Ау, мыналар батыр ғой,
Қорықпай бара жатыр ғой.
Туу, мыналар ер екен,
Тағы да не дер екен?
Лақ: Бірлік жасап келеміз,
Күш бірлікке сенеміз.
Мүйізбен бір түйреп,
Сыбағаңды береміз.
(осы уақытта, қолында бал салынған бөшкесі бар аю келеді)
Аю: Қонақ шақырдыңдар ма? Мен келдім. Жазда жинаған балымды ала келдім. Сендер кімнен қорқып тұрсыңдар?
(қасқырды көріп) Сен неғып жүрсің бұл жерде. Саған барлық есік жабық екенін білесің бе? Жоғалт көзіңді, батыр қараңды!!! (Қасқыр қорқып кетеді)
Қасқыр: (лақтарға қарап)
Жеке - жеке кездессең,
Жемек түгелі асармын.
Ал қазір мен асығыспын,
Сау болыңыз кетейін.
(Қасқыр кетеді, лақтардың анасы келеді)
Анасы: Лақтарым, шұнақтарым,
Көлге біткен құрақтарым.
Көздерің неге үрейлі? Әлде мен жоқта әлгі сұм қасқыр келіп сендерді қорқытты ма?
Лақтар: Анашым, анашым
Қасқырдың бердік жазасын.
Аю: Бұл жерге қасқыр енді жоламастай болып кетті.
Анасы: Өте жақсы. Бәрі де жақсы біткен екен.
Аю: Мына сұр қасқыр орманға әлі кетпеген бе?
Қасқыр: Мен сендермен достасуға келдім, мен де аналар мерекесін тойлауға келдім.
Жүргізуші: Ендеше кел, бізбен бірге ойын ойна.
Ойын: Қасқыр мен лақтар
Қасқыр: Ой, мына лақтар шапшаң екен. Ендеше бәріміз дос болайық.
Енді сендерге тимеймін,
Лақ етін жемеймін.
Жүргізуші: Ал енді балалардың аналарына деген лебізін тыңдайық:

Жансерік: Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
Алихан: Ананың біз гүліміз,
Ана біздің күніміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Айжамал: Мерекеңмен өзіңді,
Құттықтайды балашың.
Арнап айтқан әнімді,
Қабыл алшы анашым.
Айназ: Из цветной бумаги,
Вырежу кусочек.
Из него я сделаю.
Маленький цветочек,
Мамочке подарок.
Приготовлю я
Самая красивая,
Мама у меня!
Айару: Яблочко румяное,
Есть одна не стану я.
Половинку яблочка,
Дам любимой мамочке!
Би: Үнді биі
Ән: Біз тәртіпті баламыз
Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын - сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.
Көктем: Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін.
Өйткені мен көктеммін
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.
Жүргізуші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар мерекесі.
Жүргізуші: Әрине.
Ойын: Сәнді аналар
Би: Күлімде!
Мадияр: Тыным таппай күнімен,
Ұйқы көрмей түнімен,
Бар жұмысты тындырып,
Бірге ойнайсың менімен.
Адина: Сенсің, ана жан күші,
Сендей болсын бар кісі,
Сендей болсын бар кісі -
Шексіз перзент алғысы.
Сардар: Сеніміңді ақтайды
Еркелеткен балашың.
Аман жүріп әрқашан
Мұңаймашы анашым!
Самира: Ана әнмен тербетеді,
Күйге бөлеп жаныңды.
Көңілінді сергітеді,
Балбыратып тәнәнді.
Айзере: Менің әжем ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман - есен жүр әжем.
Ән: Әже
Оркестр Мерекеңмен ана!
Жүргізуші:
Ал, қане балалар орнымыздан тұрайық.
Аялы да, алтын нұрлы анашым.
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың
Сен асқарсың, сен аспансың биіксің.
Сен дархансың, сен жомартсың, данасың - деп бүгінгі шағын ғана мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Отбастарыңыз аман болсын. Жүздеріңізден күлкі кетпесін. Келіп тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет. Балаларыңыздың сіздерге дайындаған сыйлықтары бар!

Ақтөбе қаласы
№51 Жарқын бала МДҰ
Тәрбиеші: Сабитова Альмира Сабитовна


Скачать


zharar.kz