Балаға пышақ бермесең бір жылар, берсең - екі жылар

Скачать

Бала туралы мақал - мәтелдер

Жақсы бала сүйік
Жаман бала күйік.

Адам болар ұлыңның арқа - басы кең келер.
Ана болар қызыңның ақыл - есі тең келер.

Адам болатын бала алысқа қарайды.

Балаға пышақ бермесең бір жылар, берсең — екі жылар.

Балажанды биелер құлындарын теппейді,
Балажанды адамды бала айналып кетпейді.

Бала жасындағысын ұмытпайды,
Таз басындағысын ұмытпайды.

Бала жетесіз болса ата - анасын жерге қаратады.
Бала жетелі болса ата - анасын елге қаратады.


Скачать


zharar.kz