Абай Құнанбаев Күз өлеңі

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев Күз өлеңі.
Сабақтың мақсаты: Ақынның өмір жолы мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат бере
отырып,
Күз өлеңінің мағынасын терең меңгерту
Оқыту нәтижесі: Оқып меңгергенін саралай отырып, негізгі ойды түсінеді.
Табиғатты қорғауға үйренеді.
Түйінді идея: Абай Құнанбаев туралы толық мәлімет беру.
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушыларға бір - бірімен әр елдің сәлемдесулерін ұйымдастырамын
Мозайка әдісі бойынша топтастыру
Автор туралы түсінік беру
Ассосияция әдісі бойынша постер қорғау
АКТ - мен Күз тақырыбына байланысты бір нәрсе көрсету
Мәнерлеп оқу
Сергіту
Сұрақ қою, қайта сұрақ қою әдісі
Қорытындылау
“Венн диаграммасы” әдісі бойынша бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз
Бағалау
Үй тапсырмасы

Оқушының іс - әрекеті
1 - топ қазақша амандасады
2 - топ орысша амандасады
Берілген суреттерді Мозайка әдісі бойынша құрастырып, 2 топқа бөлінеді
Оқушылар алған мәлімет бойынша өзара пікір алмасады
Екі топ Ассосияция әдісі бойынша ақын туралы постер қорғайды
1 - топ А. Құнанбаев кім?
2 - топ Күз мезгілінің ерекшеліктері?
Бейнетаспадан көрген мәліметтері бойынша ойларын жинақтап, оқушылар ақынның қай өлеңі туралы айтатынымызды табады.
Өлеңді оқушылар мәнерлеп оқиды
Екі топтан екі оқушы шығып Күз өлеңін екі түрлі жанрда айтады.
1 - топ Опера
2 - топ Рэп
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өлеңді талқылайды
1 - топ: Абайдың Күзі сенде қандай көңіл – күй туғызды? Неліктен?
2 - топ: Осы өлеңде айтылған түс қандай деп ойлайсың? Қандай әуенмен айтар едің?
“Венн диаграммасы” әдісі бойынша оқушылар Абайдың Күз және Жаз өлеңін салыстырады


Скачать


zharar.kz