Сөз таптары жайлы ұғым

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Сөз таптары жайлы ұғым: сөздердің негізгі мағыналарына қарай топтастырылуы, әр топтың өзіне тән сұрағы.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін - өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс.
Көрнекілік: Сөз таптары картасы, Сөйлем, суреттер, қима қағаздар

Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық дайындық.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:.
Білімді жан - жақты тексеру кезеңі.
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
• Заттың атын білдіретін сөздер (Зат есім), сұрақтары, мысалы.
• Заттың қимылын білдіретін сөздер (Етістік), сұрақтары, мысалы.
• Заттың сынын білдіретін сөздер (Сын есім), сұрақтары, мысалы.
• Заттың санын білдіретін сөздер (Сан есім), сұрақтары, мысалы.
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
1. Сөз таптары жайлы ұғым:
2. Сөздердің негізгі мағыналарына қарай топтастырылуы
3. Әр топтың өзіне тән сұрағы.

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті

--------------------------------------------------------------------
(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі.
370 – жаттығу
1. Берілген сөздерді тиісті топ астына жазу.
2. Әр топтағы сөз мағынасына мән беру.

Ереже: Сөздер мағынасына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Зат есім, етістік, сын есім, сан есім – бұлар сөз таптары.


Скачать


zharar.kz