Мұқағали Мақатаев
Қап - қара, ғажап, сиқырлы
Қашпаңдар қара бояудан!
Қандырып уыз - ұйқымды,
Қап - қара түннен оянғам.
Қап - қара түнді көрдім де,
Жап - жарық таңға кездестім.
Қарасыз, сірә мен мүлде,
Аппақтың нарқын сезбеспін.
Жарыңның шашы қап - қара,
Көзі де қара, шамасы.
Сондықтан жүзі аққала
Сондықтан әсем, қарашы.
Ақ пенен қара алмасып,
Алмасып тұрса әрдайым.
Ақ түске ғана жармасып,
Қараны неге алмайын.
Қап - қара көзді бір қыз бар,
Қашпандар қара бояудан!
Аспанда жарық жұлдыздар
Қап - қара түнде оянған.
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2