Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы,
№23 мектеп - лицейдің информатика пәнінің мұғалімі
Есенова Диана Бахтияровна
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: MS Word мәтіндік редакторында суреттер мен көркем жазуларды кірістіру.
Сабақтың мақсаты: MS Word мәтіндік редакторына суреттер кірістіруді және көркем жазуларды пішімдеуді үйрену.
Күтілетін нәтиже: Paint редакторында өздерінің салған суреттерін MS Word мәтіндік редакторына кірістіре алады және әр бір жазған жазуларын көркем етіп пішімдейді.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақ типі: практикум элементтері бар жаңа материалды меңгерту сабағы
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс - тәсілдер: Сын тұрғысынан ойлау, диалогтық оқыту.
Пәнді үйренудегі кедергілерді жеңу(барлық оқушыларды сабаққа тарту): Топта, жұпта, барлық оқушыларға тапсырма беру.
Барлығын қосқанда(Жеті модульдің кіріктірілуі): Диалогты оқыту, Сыни ойлау, Талантты және дарынды балаларды оқыту, Бағалау, АКТ, Көшбасшылық, Жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру
Негізгі дереккөздер: Информатика оқулығы
Таратпа материалдар(А4 форматындағы мәліметтер және тапсырмалар)
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру (топқа бөлу(2 - 3минут))
2. Өткен материалды қайталау(шындық па? әлде жалған ба? тәсілі арқылы өткенді қайталау(7 минут))
Өткен материалды қайталау сұрақтары
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па әлде ЖАЛҒАН ба?
1. Microsoft Word мәтіндік редакторын
Баптау – Барлық программалар - Microsoft Word батырмасымен
Іске қосамыз.
2. Microsoft Word мәтіндік редакторында Кесте құрудың бір ғана жолын қолданамыз.
3. Microsoft Word мәтіндік редакторында тек бір ғана бағанмен жұмыс жасаймыз.
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па әлде ЖАЛҒАН ба?
1. Microsoft Word мәтіндік редакторы құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.
2. Microsoft Word мәтіндік редакторында қаріпті пішімдей аламыз
3. Microsoft Word мәтіндік редакторында жазған мәтінімізді баспадан қағаз бетіне шығара аламыз.
3. Жаңа материал (8 минут, әр топтың ойларын тыңдау, топта талқылау)
Microsoft Word құжаттарына басқа программаларда жасалған, сондай - ақ сурет салу тақтасын қолданып салынған суреттер мен графиктік объектілерді қоюға болады. Ол осы объектілерді көшіруге және оларды құжаттың кез - келген жеріне қоюға мүмкіндік береді.
Сол сияқты Microsoft Word - та мәтінге дайын немесе Paint графикалық редакторында өзіңіз салған суреттеріңізді кірістіру мүмкіндігі бар.
Егер сіз Paint - та өз суретіңізді салған болсаңыз, онда оны сіздің мәтініңізге алмастыру буферінің көмегімен көшіру командасын қолданып кірістіруге болады.
Дайын суреттер кітапханасынан суретті кірістіру мысалын қарастыруға болады:
1. Мәтінді енгізіп алу қажет
2. Вставка – Рисунок – Картины командасын орында
3. Microsoft Clip Gallery диалог терезесінде Картинки қосымшасын және сурет категориясын таңда
4. Суреттері бар терезеде ашылады, таңдалынған суретте маусты шертіңіз
5. Мәтінге суретті кірістіру үшін Вставить батырмасы бойынша шертіңіз.
Толық нұсқасын жүктеу