Шаншылған сөздер

Скачать

Қазақ тілі
Тақырыбы: Сөз таптары.
Мақсаты: Өткен сөз таптарын қайталай отырып, білімдерін тиянақтау.
Міндеттері: 1. Мазмұндағы байланысты міндет:
Оқушының білімге қызығушылығын артады, өз бетімен іздене жұмыс істеуге үйренеді.
2. Сыни ойлауды дамытуға байланысты міндет:
Тіл байлығы артады, шығармашылық қабілеті қалыптасады.
3. Топтық жұмыс:
Топпен бірлесе отырып, жұмыс істеуге үйренеді.
Көрнекілігі: Жыл мезгілдерінің суреті, кесте, дидактикалық материал.
Қолданылатын стратегия: топтастыру, семантикалық карта, ортадағы қаламсап.

Сабақ барысы:
I. Қызығушылықты ояту.
1. Қазақ тілі пәнінде қандай жұмыстар орындалады?
2. Үйге берілген тапсырманы тексеріп, өткен ережелерді еске түсіру.

II. Мағынаны тану.
1. 4 топқа бөліп, Ортадағы қаламсап стратегиясы бойынша әрбір топ өздерін қорғайды. Зат есім , Сан есім , Сын есім , Етістік топтары.
2. 281 - жаттығудағы сөздерді оқып, қай сөз табына жататынын тұстарына топтап жазады.
Зат есім --------- Сын есім --------- Етістік
Түлкі ------------ Тар ---------------- Шақырады

1. 282 - жаттығудағы зат есімдерді сын есімдермен тіркестіріп, 2 - 3 сөйлем құрап жаздыру.
2. Сергіту сәті:
Сөз қуаласпақ ойыны.
Қағаз - зығыр - радио - орақ.
3. Көркем жазу.
283 - жаттығуды орындату.
зат е. -------------- сын е. ------------------ сын е. ----- зат е.
Бақыт ------------ бесаспап --------------- шебер ------- бала. (тақтада орындайды.)

4. Семантикалық карта.
Зат е. ---------- Сын е. ---------- Сан е. ----------- Етістік.
Бақыт
үшінші
сыныпта
оқиды

5. 284 - жаттығудағы өлеңді мәнерлеп оқып, зат есім, сын есім, етістіктерді табу.

6. Шығармашылық жұмыс:
4 топ жыл мезгілдеріне байланысты шағын мәтін құрастырып, оқиды.

IV. Ой толғаныс.
1. Үлестірмелі материалға сөздер жазылған, әр топ өзіне тиесілі сөзді алады. Шаншылған сөздер .
Қасқыр, киік, құралай, айлалы, жүгіргіш, ақсақ, құтылады, күтеді, қашты, алдады, он, бір, бір - екі.
2. Үйге 285 - жаттығуды орындауға тапсырма беру.
3. Сабақты қорытындылап, бағалау


Скачать


zharar.kz