Бағалы қағаздар нарығының жұмысын қамтамасыз етіп, олардың міндеттерін атқаратын - кәсіпқой қатысушылар.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары – бұл бағалы қағаздар нарығында кәсіпқой қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар.
Бағалы қағаздар нарығында кәсіпқой қызмет көрсетудің мынандай келесі түрлері қолданылады:
• Брокерлік қызмет –келісім шарт, тапсырыс немесе комиссия шарты негізінде клиенттің есебіне және оның мүддесі үшін брокердің бағалы қағаздармен жасайтын азаматтық-құқықтық операция жүргізумен байланысты қызметі.
• Дилерлік қызмет – кәсіпқой қатысушының бағалы қағаздармен өз атынан және өз есебінен азаматтық-құқықтық операциялар жүргізумен байланысты қызметі.
• Депозитарлық қызмет – бағалы қағаздар иесінің құқын есепке алу және нақтылау мен, сонымен бірге осы бағалы қағаздар мен операция жүргізу барысында техникалық қамтамасыз етумен байланысты қызметтің түрі. Орталық депозитарий – бағалы қағаздармен жасалынатын шарттарды жүзеге асырумен байланысты, тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылады.
Қазақстан Республикасының Орталық депозитарий – депозитарлық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алған, 1997 жылы 19 қыркүйегінде Қазақстан Қор биржасында алғаш рет Орталық депозитарийдің қатысуымен сауда жүргізілді.
• Жақтардың өзара талаптары мен міндеттерін анықтау қызметі («БҚН тур» заңға сәйкес-клирингтік қызмет)
Клирингтік қызмет – бұл жақтардың өзара талаптарын есепке алу бойынша қызмет көрсету. Клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін лицензияны Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссияның келісімімен беріледі.
• Бағалы қағаздар портфельдерін басқару бойынша қызмет –бұл бағалы қағаздар портфелі иелерінің жекелеген құқықтарын жүзеге асырумен байланысты басқарушылардың қызметі. Бұл қызметтің түрі басқарушыға иелену құқығы беретін және оның құзырының шегі анықталатын шарт негізінде жүзеге асырады.
• Регистраторлық қызмет, яғни бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімін жүргізу жөніндегі қызмет, бұл – белгілі 1 күнге бағалы қағаздардың меншік иесін белгілеуге мүмкіндік беретін деректерді жинау, тіркеу, өңдеу, сақтау және беру жөніндегі қызмет.
Бағалы қағаздар иелерінің тізім жүйесі бағалы қағаздар ұстаушылардың тізімін жүргізу жүйесіне өзгерістер енгізуді қажет етуге әкеп соғатын барлық фактілер мен сақтауды қамтамасыз етуге тиіс. Бағалы фактілер ұстаушылардың тізімін жүргізу құжаттандырылмаған нысандарда шығарылған атаулы бағалы қағаздар жөнінде жүзеге асырылады. Бағалы қағаздар ұстаушының саны 500-ден аспаған кезде эмитент өзі шығарған бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімін дербес жүргізуге құқылы.
• Кастодиандық қызмет –банктер мен банктік емес қаржы мекемелерінің өздеріне клиенттер сеніп тапсырған бағалы қағаздар мен ақша қаражаттарын сақтауды және есепке алуды қамтамасыз ету жөнінде.