Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар тақырыбын қайталау

Скачать

Ақтөбе облысы, Темір ауданы
Ж. Кереев атындағы орта мектебінің мұғалімі
Г. Меңдіғазиева

Тақырыбы: Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар тақырыбын қайталау.
Әр сабақты қызықты өткізу, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, зеректігін қалыптастыру әр мұғалімнің мақсаты. Оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту мақсатында Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар тақырыбын қайталау сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.
Сабақтың мақсаты:
1. Арифметикалық, геометриялық прогрессияның анықтамасын, n - ші мүшесінің қосындысының формуласын меңгеріп есептер шығаруда қолдана білу;
2. Оқушылардың белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, өз бетінше оқуға, ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу;
3. Логикалық ойлау қабілетін, танымын пәнге қызығушылығын дамыту, есептеу дағдыларын жетілдіру белсенділіктерін арттыру.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, формулалар, тест, кеспелер.
Сабақтың түрі: Қорытындылау, қайталау сабағы.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.
2. Оқушыларды екі топқа бөлу.
I. Ой толғау (сұрақтарға жауап беру).


Скачать


zharar.kz