Абай шығармаларына иллюстрация

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларына иллюстрация
Сабақтың мақсаты: Абай Құнанбаевтың Желсіз түнде жарық ай өлеңіне иллюстрация салу.
тәрбиелілігі: эстетикалық талғамын жетілдіру, әдемілікті сезе білуге, туған жерін, елін, табиғатын сүюге, салт - дәстүрлерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
білімділігі: пән арқылы шығармаға терең, тың мән беруге үйрету.
дамытушылығы: шығарманы тұжырымдап, композициялық жағынан дұрыс орналастыра білуге, оны елестете отырып бейнелеуге баулу.
Көрнекілігі: Абай портреті, суретшілер шығармалары, акварель бояуы, қылқалам.
Түрі: Дәстүрлі сабақ.
Типі: Аралас сабақ.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, сурет салу, талдау жасау, салыстыру.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, музыка, тарих, математика.
Жаңа технологияны қолдану: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Керекті құрал - жабдықтар: сурет дәптері, акварель, қылқалам, палитра т. б.

Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а\ оқушыларды түгендеу.
ә\ сабаққа дайындықтарын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Кітап графикасы.\ түсінік беру, сурет салу\
Ертегі кітаптарын бейнелеу.
2, 1. Сабақты пысықтау, бекіту.\топтастыру стратегиясы\
Сурет көрмесі.
Ертегі кітаптарын мұқабасын бейнелеу.

3. Жаңа сабақ.
Абай шығармаларына иллюстрация.
Жоспар:
а\ Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармалары.
ә\ Абайдың табиғат жайлы өлеңдеріне шолу.
б\ Әбілхан Қастеевтің шығармалары,
в\ Абайдың Желсіз түнде жарық ай әнін жатқа айту, бейнелеу.
Абай \ Ибраһим\ Құнанбаев 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор. Әкесі Құнанбай, шешесі Ұлжаннан төрт бала туады. Тәңірберді, Ибраһим\ Абай\, Ысқақ, Оспан. Болашақ ақын сабырлы мінезіне, кең пейіліне сай ел ағасы атанған кәрі әжесі Зеренің мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, әзіл - қалжыңды шебер, жөн - жобаға жетік өз апасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Сол бала күнінде жаттаған, кейбір өлеңдері ұлғайып кәрілікке жеткен уақытына дейін есінен шықпаған, ұмытылмаған.
Оқушылардан Абайдың жылдың төрт мезгілі жайлы өлеңдерін сұрау.
Күз , Қыс , Жазғытұры , Жаз
Сынып оқушылары музыка пәнінің мұғалімі Қуаттың сүйемелдеуімен Абайдың Желсіз түнде жарық ай әнін орындайды.

Суретке талдау жасау. Желсіз түнде жарық ай
---------------------------- суреттің тақырыбы
---------------------------- негізгі ойды бейнелей білу
---------------------------- композициялық орналасуы
---------------------------- перспективалық заңдылығы
---------------------------- бояудың үйлесімділігі
4. Сурет салу кезеңі.
Оқушылар тақтадан Желсіз түнде жарық ай тақырыбында салынған иллюстрацияны бейнелейді.
Аяқталған суреттер сынып көрмесіне қойылады.
5. Сергіту сәті:
Су, су болған бояуым,
Қағаз бетін торлайды.
Шіркін сурет сабағы,
Мың құбылтып бояйды.
6. Жаңа сабақты бекіту. \ венн диаграммасы\
Абай өмірі шығармалары

7. Үйге тапсырма беру.
Қыс мезгілін бейнелеу. \сурет салу\
Жыл мезгілдеріне байланысты бір шумақ өлең шығару.
8. Оқушыларды бағалау.


Скачать


zharar.kz