Тақырыбы: Кел жаңа жыл ортаға
Құрметті балабақша қызметкерлері, ата - аналар, бүлдіршіндер сіздерге жаңа жылда жаңа табыстарға жетіп, отбастарыңызға қуаныш пен бақыт, дендеріңізге саулық тілей отырып бүгінгі Кел жаңа жыл ортаға атты жаңа жылдық ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі ертеңгілігімізді ашып беру үшін балабақша меңгерушісі: Әшірбекова Ұлжамал апайға сөз береміз.
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын
Шат күлкіге толы болсын маңайың
Көргендерде көрмегенде арманда
Жаңа жылын құтты болсын ағайын
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын
Ай жүзіндей айшықтанып арайың
Жанға шуақ бойға қуат әкелген
Жаңа жылын құтты болсын ағайын
№2 ші Балапан тобының тәрбиеленушісі МАМА МИА жобасының жеңімпазы Өмірзақ Рауанды Үкілімай әнімен ортаға шақырамыз.
Барлығымыз шыршаны айналып ән айтып Аяз Атаны шақырайық:
(хор аппақ, аппақ жапалақтап)
Аяз ата сөзі:
Ассалаумағалейкүм Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел
Тәңірдің тылсымымен тілдескен ел
Сәлеметсіңдер ме балалар?
Сәлеметсіз бе Аяз ата!
Жарайсыңдар балалар Аяз атаға арнаған қандай сыйларың бар Ақшақар екеуміз соны көруге қашықтан кеп тұрмыз.
Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар тақпақ айтқысы келіп тұр тыңдап көрейік.
Дильназ:
Вот пришол Новый год
Радуя нас
Пусть будет радость
Поздравляем вас
Балжан.
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Балауса:
Жаңа жылды қарсы алдым
Мініп алып күймеге
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де
Жанель:
Пусть Новый год принесет вам счастье и радость
Жылдың әнін бастайын
Аяз ата кеп қалды
Майысады жас қайың
Көтере алмай көп қарды
Айдана:
Жаңа жылым әсемсің
Гүл өндірер түзге де
Әр сәті бақ әкелсін
Достар достар бізге де
Тобымыздың бишісі. Асқар Жанельді қазақ биімен ортаға шақырайық.
Қарақат:
Бақша іші мереке
Ойын күлкі асқақ ән
Жақсы әпкелер жаңа кеп
Мерекені бастаған
Рауан:
Атқан таңмен атсын
Ақ арманың гүлің
Жүзің жарық болып
Шалқып шықсын нұрың
Жаңа жылдық тілек
Осы болсын бүгін
Әлішер:
Келді тағы жаңа жыл
Қуантуға біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді
Аяулым:
Басталарда жаңа жыл
Құйылады жаңа нұр
Жүрекке арман бөлеген
Қош келіпсіз, жаңа жыл
Айша:
Аяз ата қандайсың
Сексендегі шалдайсың
Өтірік сақал тағып ап
Балаларды алдайсың
Дильназ: Катюша әнімен ортаға шақырайық
Аяжан:
Жаңа жыл жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Би билеп бір бала жүр
Мерей:
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Жансая:
Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау қарлы шың
Аяулым: Егеменді Қазақстан ән
Бір топ бүлдіршіндерді хлоп биімен ортаға шақырайық.
Осымен бүгінгі Кел жаңа жыл ортаға атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Аяз атамызды шығарып салайық
- Қош сау болыңыз аяз ата!