Сабақтың тақырыбы: Бастапқы химиялық түсініктер тақырыбын қорытындылау.
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу, химиялық формула құру, реакция теңдеулерін теңестіре білу, есептер шығаруға дайындығын, алған білімдерін өз бетінше пайдалана білу дағдыларын тексеру.
Оқушыларды қазақ халқының эстетикалық дағдыларымен таныстыру, осы дағдылар арқылы оқушыларға қазақ халқының әдеп - ғұрып туралы ой қалыптастыру.
Сабақ түрі: саяхат сабақ
Көрнекіліктер: киіз үй ауылдары, үлестірмелі карточкалар, химиялық формулалар жиынтығы, тәжірибеге қажетті заттар, плакаттар.
Сабақ барысы:
Саяхат жасайтын ауылдармен таныстыру. Саяхат жеті ауыл бойынша өтеді.
1 - ауыл Аталар
2 - ауыл Әкелер
3 - ауыл Балалар
4 - ауыл Немере
5 - ауыл Шөбере
6 - ауыл Шөпшек
7 - ауыл Немене
Әр ауылға тапсырмалар беріледі. Тапсырма орындалса, келесі ауылға саяхат жасауға болады.
Ауылдарға саяхат жасауға ат шанамен шығамыз, ол үшін оқушылар аттың құрал - саймандарын атау керек.
1. Аталар ауылы.
Ұраны: Әдепсіз өскен баладан,
Тәртіппен өскен тал жақсы.
Аталар ауылында оқушыларға әртүрлі жеміс - жидектер үлестіріледі, үлестірілген жемістердің екінші жағында сұрақтар жазылған, оқушылар осы сұрақтарға жауап беру керек.
Тапсырмалар:
1. Физикалық құбылыс деген не?
2. Химиялық құбылыс деген не?
3. Валенттілік деген не?
4. Индекс деген не?
5. Коэффициент деген не?
2. Әкелер ауылы.
Ұраны: Асу бермес асқар жоқ
Оқушылар кезектесіп тақтаға шығып, реакция теңдеулерін аяқтап, типін айтады.