Қазақ әдебиеті 8 сыныпТақырып

Скачать

Қазақ әдебиеті 8 сынып
Тақырып: Абайдың қарасөздері. Он жетінші қарасөзі
Мақсаты: Абайдың қара сөздерін әдебиет теориясы тұрғысынан талдай отырып, әр оқушының өз тапсырмасын орындауына қолайлы орта туғызу, оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек ұғындыру; Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның адам өмірінде алатын орнын түсінуге, адамның ішкі жан дүниесін түсінуге, өз бойларында осы қасиеттер болуы үшін күресе білуге, ақынның қарасөздерінің мәнін, ғылыми - философиялық ойды түсінулерін, сөйлеу, талдау дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Қарасөз мазмұнын, идеясын ашады, ақпараттарды өз сөзімен жүйелі жеткізе алады, мәтіндегі оқиға арқылы қайрат, ақыл, жүректің таласының шешіміне көздерін жеткізеді. Қарасөзді талдай отырып, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, адамгершілік пен төзімділікке, қайырымдылыққа, ауызбіршілікке үйренеді. Шығарма оқиғасын өмірмен байланыстырып, салыстырып өз толғанысын қорытады. Таным әрекеті процесінде қарым қатынас шеберліктері шыңдалады.

Кіріспе ( 3 мин)
І. Сәлемдесу ойыны Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. Бастаймыз деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әр түрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… арқамен.

ІІ. Топтастыру
Тұсау кесер (7 мин)
Абайдың бірінші қарасөзі видеоролик көрсету
Қол жазуды ермек ет, жатпа бекер,
Бұл көңілсіз дүниеден көп жыл өтер.
Өзі қысқа, өзі асау тентек өмір,
Арттағыға бір белгі қойса нетер?! - деп ақын атамыз өзі айтқандай, бүгінгі сабақта
біз Абай атамыздың даналық сөздері – қара сөздерімен танысамыз.
Қарасөз деген не? Абайдың қарасөздері туралы не білеміз?

Негізгі бөлім (25 мин)
І тапсырма: Мәтінді оқу, талдау жұмыстары
I топ “Ақыл” Шығарма мазмұнымен жұмыс
II топ “Қайрат” Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме
III топ “Жүрек” Сатылай кешенді талдау
IV топ “Ғылым” Шығарманың өмірмен байланысы
Сергіту сәті: Желсіз түнде жарық ай әнін айтқызу
ІІ тапсырма: Шығармашылық жұмыс
І топ: Тақырыпқа байланысты мақалдар айту
ІІ топ: Семантикалық картамен жұмыс
ІІІ топ: Толық, идеалды адам болу үшін қажетті қасиеттер топтастыру
ІҮ топ: Екі жақты күнделік

Қорытынды бөлім (7 мин)
Ротация әдісі
1. Қарасөз дегеніміз не?
2. Шығарманың тәрбиелік мәні неде?
3. Автор бұл шығарма арқылы не айтқысы келген?
4. Ғылымның орнында болсаңдар қай кейіпкердің сөзін құптар едіңдер?

Рефлексия (3 мин)
Бес саусақ әдісі

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы,
№3Хромтау орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Жумабаева Кенжеш Тагибергеновна

Абайдың қарасөздері. Он жетінші қарасөзі. жүктеу


Скачать


zharar.kz