Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың WordPad - ты іске қосу, WordPad терезесімен танысу, мәтіндік құжат құру, сақтау, жаңа құжат ашу, құжатты пішімдеу туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, зейінділікке, жан - жақты болуға, өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін және логикалық ойлау абстракциясын дамыту, пәнге деген қызығушылығы мен компьютерлік сауаттылығын арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, деңгейлік әдіс.
Көрнекілігі: Буклеттер, карточка, кеспе қағаздар.
Құрал – жабдықтары: компьютер, интерактивті тақта, электронды оқулық, компьютерлік слайдтар, оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу, сынып тазалығын тексеру,
оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару;
2. Топқа бөлу.
3. Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйде тест құрап келу, тесттің жауабын оқушылар айту.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Мәтіндік редактор – ол мынадай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа:
Мәтіндік құжаттарды құруға;
Оларды өзгертуге, яғни, қателерін түзетуге, мәтін фрагменттерін жылжытуға, көшіруге, жоюға және қосуға, іздеу мен алмастыру жүргізуге;
мәтінді пішімдеуге – әріптің мөлшері мен түсін, абзацтың қасиеттерін және басқаларды өзгертуге;
Құжаттарды баспаға шығаруға;
WordPad мәтіндік редакторын іске қосудың бірнеше тәсілі бар:
1. Пуск - Программы – Стандартные - WordPad
2. Пуск - WordPad белгішесінде тышқанды шерту арқылы
3. Жүмыс үстеліндегі WordPad жарлығында тышқанды шерту арқылы
WordPad бағдарламасының жұмыс терезесі
WordPad редакторының батырмалары
ІV. Сабақты бекіту.
1. Электронды оқулықпен тапсырмалар орындау.
2. Эйлер – Венн диаграммасы Ұқсастығын табу
3. Деңгейлік тапсырма компьютерде мәтінмен жұмыс жасау
1 – деңгейлік тапсырма: Мәтінді сол жақ шеті бойынша туралап жазу керек. Қаріп - Times New Roman, мөлшері – 14.
Адам туралы
Адамның бойындағысының бәрі: жүзі де, киген киімі де, жаны да, ақыл ойы да әсем болуы керек. Адам тумысынан бір - бірінен сонша ерекше болып тумайды. Оны ақыл - ойы, сана - сезімі, істеген ісі ерекше етеді. Адамда үш жақсы қасиет бар: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
2 – деңгейлік тапсырма: Мәтінді ортасы бойынша туралап, мәтін тақырыбын көк түспен, мәтінді жасыл түспен жазу. Қаріп - Times New Roman, Мөлшері –
ОҚО, Түркістан қаласы,
№14 жалпы орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Сарсенбаева Гулмира Муратовна
Толық нұсқасын жүктеу