Тақырыбы: Қақпақтар.
Білім беру саласы: Таным .
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сенсорика .
Мақсаты: Екі түрлі түсті біркелкі заттарды топтастыру және салыстыруға үйрету; берілген түске сәйкес сары және жасыл түстер; зейінділікті, қол моторикасы мен қимыл үйлесімділігін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнелік пен құрал - жабдықтар: ойыншық жүк машинасы, сары және жасыл түсті құмыралардың қақпағы, дәл осындай түспен боялған 2 қорапша, бағдаршам бейнесі.
Сөздік жұмыс: қақпақтар.
Билингвальды компонент: сары - желтый, жасыл - зеленый.
Мотивациялық Қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Сәлем деймін күнге мен,
Сәлем деймін мен саған.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Ұйымдастырушылық - ізденістік
Осы кезде топқа машина мінген қоян кіріп келеді. Қоян жолдан өтпек болады. Бірақ, бағдаршамның қызыл түсі жанып тоқтап қалыпты. Қалған 2 түсі сары мен жасыл жанбай қалыпты. Қоян балалардан көмек сұрайды.
- Балалар, олай болса мына қақпақтардың сары, жасылын пайдаланып бағдаршамның қалған екі түсін жасап, жандырып берейік.
Сөздік жұмыс: Қақпақтар.
Билингвальды компонент: қызыл - красный, сары - жельтый, жасыл - зеленый.
Балаларға қақпақтарды пайдаланып бағдаршам жасауды көрсетемін.
Дайын болған бағдаршамды балаларға жолдың бойына орналастыртамын.
Қоян жолдан өтеді. Балаларға рахметін айтып жолдан өтіп кетеді.
Жарайсыңдар, балалар!
Рефлексивті - түзетушілік
- Балалар, біздің топқа кім келді?
- Қоян сендерден қандай көмек сұрады?
- Сендер қоянға көмектесе алдыңдар ма?
Жарайсыңдар, балалар!
- Қоян келді.
- Бағдаршамның сары және жасыл түсін жандырып беруімізді өтінді.
- Иә. Біз қоянға қақпақтарды пайдаланып бағдаршам жасап бердік.
Қызылорда облысы, Қазалы қаласы
№1 "Ақерке" бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі
Ахметова Анар Матыгуловна
Толық нұсқасын жүктеу