8 сынып
Тақырыбы: Табиғат - тал бесігің, аялай біл!
Мақсаты:
Адамға қажетті табиғаттың құндылығы мен табиғаттың байлығын сақтаудағы адамның ролі туралы ұғымды тереңдету, табиғатты эмоциялық сезуді дамыту, табиғатқа деген қамқорлық қатынасын дамыту.
Әдістері: жыл мезгілдеріне, табиғаттың тамаша көріністеріне сурет салу, түрлі сезімдерді, ойын - тапсырмаларды топпен әңгімелеу, шығармашылық жұмыс, тыныштық мезеті , практикалық жұмыс.
Қосымша құралдар: Саржайлау күйі жазылған ұялы телефон, қағаз парақтары, түсті қарындаштар.
Сабақтың барысы:
1. Шаттық шеңбері. Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызамын, қолымыздан ұстап
Армысың, шапағатты күніміз!
Армысың, мейірімді жеріміз!
Армысың, табиғат анамыз!
Келді Сізге өзіңіздің балаңыз! – деп өлең шумағын барлығымыз дауыстап айтамыз.
Табиғат тамашалары атты шығармашылық тапсырмалардың орындалуын қорытындылау.
Сабақтың эпиграфынан А. Франстың Адам табиғатқа тәуелді болса,
Табиғат та оған тәуелді - дәйек сөзін оқимын. Содан кейін теңіз шуы, құстардың ән салуы, жапырақтардың сусылы деген табиғатқа арналған музыкалық шығарма Сарыжайлау күйі ойналады. Балалар салған суреттері бойынша табиғатты көркем бейнелейді, содан кейін бәріміз бірге кімнің суреттері жарқын және табиғаттың тілін түсінуге үйрену қажет екенін әңгімелейміз.
Адам - табиғаттың патшасы деген ұғымы бар.
Осы ұғыммен сіз келісесіз бе?
Табиғатты сүю және түсіну деген не?
Табиғатпен кездесуден қалған жарқын мезеттерді есіңе түсір. Ол туралы әңгімелеп бер.
Сіздің ойыңызша, табиғат адамды сезе және түсіне біле ме?
Дәптермен жұмыс:
Дәптерде 1 тапсырманы орындау. Балалардың суреттерінен Біз және табиғат көрмесін ұйымдастыру. Барлық ықылас білдіргендер сөз сөйлейді.
Тыныштық мезеті:
Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыз. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіңіз. Жасыл шөп сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз (тыныштық). Сіз әлі өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз..... (тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат - анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан және күзгі жердің суығы ағатын жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық). Қазір біз көзімізді ақырын ашып, басқа жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана - Табиғатқа Рахмет деп айтамыз.
Сізге Тыныштық мезеті ұнады ма?
Табиғатта серуендегенде сендерде қандай сезімдер болады? (Балалардың ойын тыңдау).
Оқулықтармен жұмыс:
Қ. Толыбаевтың Қайыңның қасіреті әңгімесін оқу. Әңгіме мәтіні бойынша пікірлесу.
- Адамдар табиғатқа неліктен залал келтіреді?
- Табиғат та жылай ма?
- Табиғаттың заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтырады?
Суреттерге қарап, табиғат апаттарынан сақтанудың жолдарын көрсететін жоба жасау.
Табиғатты тану - бұл қызықтыратын танымды процесс, қазір біз қайтадан көз жететін өзінді тану секілді.
Ойлаңыз және сурет салыңыз: сіз мінезіңіз бойынша кімге немесе неге көп ұқсайсыз, мысалы: гүлге, шыңға, ағашқа, аспанға, құсқа т. б.
Бір - бірінің суреттері бойынша балалар қандай да бір кескін кімге ұқсайды және неге екенін түсіндіреді.
Жүректен жүрекке дейін шеңбері:
Бізде қандай тамаша Өзін - өзі тану сабағы өтті. Мен барлық балаларды Жүректен жүрекке дейін шеңберіне тұруға шақырамын. Бір - біріміздің қолымыздан мықтап ұстайық. Біз бүгін өте көп және қызықты жаңалықтарды естідік. Біз - Табиғат – Ана дейміз. Ана - табиғат, ал адам – табиғаттың бөлшегі. Адам, өсімдіктер, ағаштар, гүлдер, жануарлар, құстар, жәндіктер, андар – Ана - Табиғаттың бөлшегі. Біз оларға қамқорлық жасап, қорғауымыз қажет - олар Жердің інжу - маржаны, өмірдің баға жетпес әшекейі.
Өзін - өзі тану – табиғат – бұл баға жетпес сый екенін есте ұстауға үйретеді. Сондықтан да біз Ана – Табиғатты қастерлеуіміз қажет.