Қаңлы жеріндегі металл өңдеудің ірі орталығы

Скачать

Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы
Конспект
Ежелгі Құлата қаласының орнынан 50 гектар жерді алып жатқан металл өңдеудің ірі орталығы табылды. Кенді балқыту үшін дөңгелек және төрт бұрышты пештер пайдаланылды. Бұл пештер кен өндіретін орындарға жақын орналасқан.
Қаңлылар жерінде металл өндірісі, әсіресе темір ұсталығы, қола құю, зергерлік ісі дамыған. Металл өндірісінің орталығы Шаш - Илақ аймағындағы қалалар мен қоныстар болды. Бұл аймақта алтын, күміс, темірді өндіру және өңдеу кәсібі дамыған.
Қазақстанның оңтүстігіндегі егіншілікке қолайлы жерлерде қаңлылар отырықшы тіршілік еткен. Арал өңірінде, Ташкент алқабында отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады. Cырдария аңғарларында дәнді және бау - бақша дақылдары өсірілді. Жерді тас және металл кетпендермен өңдеді.
Егістікті суару үшін Шыршық өзенінің оң жағалауында 20 шақырымдық Зах каналы, сол жағалауынан Ханарық арығы қазылды. Қаңлыларда тәлімді егіншілік басым болған. Астықты арнайы қыш көзелер мен ыдыстарға салып, ұра - шұңқырларда сақтаған.
Қаңлы елінің жері арқылы Ұлы Жібек жолы өткен, сондықтан қаңлылар бірқатар елдермен сауда қатынасын жасаған. Отырар ескерткішінен Балтық бойынан әкелінген кәріптастан (янтарь) жасалған моншақ табылды. Сирияның көгілдір фаянсынан тізілген моншақтар Жетіасар, Отырар, Ташкент алқаптарындағы қабірлерде кездеседі.
Зерттеушілер Сырдария аймағынан б. з. б. 3 - 4 ғасырларда соғылған 1300 теңге тапты. Отырар алқабындағы Мардан қорымдарынан б. з. б. 2 ғасырға жататын Қытай теңгелері табылды.
Қаңлылар Ұлы Жібек жолының Кавказ бен Қара теңізге қарай кететін бағытын бақылап отырды.
Сырдария мен Арал аймақтарындағы ескерткіштер арасында Қара теңіз бойынан, Ираннан, Сириядан, Үндістаннан, Қытайдан әкелінген заттардың кездесуі қаңлылардың сауда қатынасының жақсы өрістегенін білдіреді.
Қаңлы әйелдері арасында қолөнердің жүн өңдеу кәсібі жақсы дамыған. Олар жүннен киіз басып, иірілген жіптен киім, түрлі төсеніштер тоқыған.

Конспект сұрақтар
1. Қаңлы әйелдері арасында жақсы дамыған кәсіп:
2. Қаңлылардың Ұлы Жібек жолы бойында бақылап отырған бағыты:
3. 1300 - дей теңгелер табылған аймақ:
4. Қаңлы жеріне Балтық бойынан әкелінген әшекей бұйым:
5. Зах каналы қазылды:
6. Қаңлыларда отырықшы шаруашылық дамыған аймақ:
7. Шаш - Илақ аймағында дамыған шаруашылық түрі:
8. Қаңлы жеріндегі металл өңдеудің ірі орталығы:
9. Мардан қорымынан табылған Қытай теңгелері қай ғасырдан бері пайдаланылған:
10. Қауыншы мәдениетінде адамдарды қалай жерлеген:
Тақырыптың тесті

Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы. жүктеу


Скачать


zharar.kz