Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу
Оқу бағдарламасына сілтеме:
5. 1. 2. 23 Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау;
Сабақтың мақсаты:
1. Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу амалын үйрету;
2. Өз бетімен шешім қабылдауға, өзіндік ойын қорытындылай білуге дағдыландыру;
3. Өз мүмкіндіктерін саралай отырып, ұжымда бірігіп жұмыс жасауға тәрбиелеу;
Бағалау критерийлері 1. Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін ережесі қолданылатынын біледі;
2. Аралас санды аралас санға бөлу үшін, оларды бұрыс бөлшек түрінде жазып алу керектігін біледі.

Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі:
1. 1 Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
Оқушылардың оқу құрал - жабдықтарын тексеру.

1. 2 Оқушыларды жұпқа бөлу
Мақсаты: Оқушылардың практикалық дағдыларын жетілдіру үшін шағын топтарда жұмыстану қолайлы болғандықтан, жұпқа бөлу қажет.
Орындалуы: оқушыларға тақырыпқа қатысты терминдік сөздік жазылған кеспе қағаздар ұсынылады. Оларды сәйкестендіре отырып, жұпқа бөлінеді.
Дағдылар: білу, түсіну
1. 3 Үй тапсырмасын тексеру: №643, 647(3, 4)
Орындалуы: Әр жұп бір - бірімен дәптерлерін алмастыра отырып, тапсырмалардың орындалуын тексереді. Өте жақсы орындаған оқушы жұмысы сканерленіп интерактивті тақтаға үй жұмыстарының шешімдерін көрсетіледі;
Дағдылар: білу, түсіну, қолдану
Бағалау: Өзара бағалау, өзін - өзі бағалау
Сабақтың бағалау критерийлері мен тілдік мақсат айтылады.

1. 4 Сөзжұмбақ шешу Қосымша №2
Мақсаты: Оқушыларға қайталау сұрақтарын бере отырып, сабақтың тақырыбы мен оқыту мақсатын айқындау. Оқушылардың ынтасын арттыру.
Орындалуы: Оқушылар сөзжұмбақты шеше отырып бөлу кілт сөзін
алады, сабақтың тақырыбы мен оқыту мақсаты таныстырылады.
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу
Оқу мақсаты: 5. 1. 2. 23
Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлуді орындау;
Бағалау критерийлері:
1. Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін ережесі қолданылатынын біледі;
2. Аралас санды аралас санға бөлу үшін, оларды бұрыс бөлшек түрінде жазып алу керектігін біледі.

Орал қаласындағы
физика - математикалық бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Мұғалім аты - жөні: Аимаганбетова Акбота Кайыржановна
Балгалиева Жанаргул Халыковна
Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу жүктеу


Скачать


zharar.kz