Жаңа білімді хабарлау

Скачать

9 сынып
Тақырыбы: Алюминий
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Алюминий элементінің периодтық жүйедегі орнын, табиғатта кездесуі, алынуы, физикалық, химиялық қасиеттерін, қолданылуын, қосылыстары туралы мәліметтерді меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың пəнге қызығушылығын, дүниетанымын, екідайлы элементтер жайлы алған білімді одан əрі дамыту.
Тәрбиелілік: Топтарға бөліну арқылы шығармашылық жұмысты қалыптастыру.
Алюминийдің тұрмыста қолданылуын, алюминий құймаларының құрамымен таныстыру, өмірдегі маңызын түсіндіру.
Сабақ типі: Аралас. Жаңа білімді хабарлау.
Сабақтың өтілу əдісі: топтық, сұрақ - жауап
Қолданылатын көрнекіліктер: электронды оқулықтар, периодтық жүйе, кестелер, алюминий қосылыстарының жиынтығы, бағалау парағы.

Сабақ барысы:
I. Қызығушылықты ояту . Үй - жұмысын тексеру.
Деңгейлік тапсырмалар орындау
1 деңгей
1. Кермек сулар дегеніміз? (құрамында гидрокарбонаттар хлорид, сульфаттар
түрінде Ca жəне Mg тұздары бар табиғи сулар
2. Кальцийдің физикалық қасиеттері ( Кальций күмістей жылтыраған ақ түстес
металл, өте жеңіл, қатты, созылғыш).
3. Кальций қосылыстарда қандай қасиет көрсетеді? ( күшті тотықсыздандырғыш).
Кальцийдің тотығу дəрежесі (+2).
2 – деңгей
1. Мына өзгерістерді жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар.
3 – деңгей
34 г натрий мен натрий оксиді қоспасын сумен әрекеттендіргенде 5, 58 л сутегі бөлінген болса қоспа құрамындағы натрий мен натрий оксидінің массалық үлесін есепте.

Өздік жұмыс (тест түрлерімен жұмыс)
1. Ең қатты металл
А) темір Б) хром В) мырыш
2. Хромның никельмен құймасы
А) дихром Б) нихром В) метахромиттер
3. Жер қыртысындағы хромның мөлшері
А) 0. 03% Б) 0. 06% В) 0. 3%
4. Хромның бай кен орны
А) Жезқазған Б) Ақтөбе В) Қарағанды


Скачать


zharar.kz