Талай адам өтті ғой түсінбестен, Фаризаның мұңы мен жырдың парқын

Скачать

Елдігіммен мақтанам

Жәнібек пен Керей хандар бастаған,
Арттарынан бүкіл Алаш қостаған.
Майыспайтын қатты қайсар болаттай,
Қазағымның хандығымен мақтанам

Алашқа аян қазағымның хандығы,
Ауыр болды хандығымның тағдыры.
Сонда - дағы алақанды жұмса егер,
Жұдырықта жиналатын барлығы.

Асан қайғы, Қазтуғандар жырлаған,
Қойнауыңда жатыр сенің сыр далам.
Алты алаштың қосылғаны тарих боп,
Бастау алған сонау алыс ғасырдан.

Жалмаса жау қайыспаған қазағым,
Көрсе - дағы талай елдің азабын.
Арқасында татулық пен достықтың,
Бұлбұлдардан сайрап шықты ғажап үн.

Тек бірліктің арқасында ел болдың,
Қаумалаған жауларыңды жер қылдың.
Қиналғанда қорған болған, о, Аллам,
Қазағыма осы күнді бұйырдың.

Қазағым - баға жетпес мақтанышым,
Өзің жайлы қозғамақпын қалам ұшын.
Бақыттымын болғанына ұлтым қазақ,
Жүрегімнен тілектерім төгілді шын.

Бүгінде біз мықтымыз, ұлы елміз,
Тәуелсіз елдерменен шектесеміз.
Бейбітшіліктің белгісі - туымызды,
Әлі талай биіктерге көтереміз.

Жасасын алаш, жасасын қазақ әрдайым.
Елімді мақтап ағызайын жыр майын!
Қазақпын деп мақтанатын ұрпағың,
Өсе берсін, өне берсін күн сайын!

МАҒЖАН АТА
Халқына сүйеу болған Мағжан ата,
Жұртына жыр арнаған армандата.
Елі үшін, жері үшін жанын берген,
Сен нағыз мейірбансың, Мағжан ата!

Мағжан ата, әдебиетте орның бөлек,
Ақындардың қатарында тұрсың ерек.
Ұмытылмасын ешқашан тіліміз деп,
Ұрпақтарды кеттің сен, желеп жебеп.

Жолыменен Абайдың жүріп өттің,
Тілімізді қазақтың биік еттің.
Бос сенделіп, өткізбей мына өмірді,
Білім ал деп ұрпаққа үндеп кеттің.

Құлшындың, оқу оқып, талаптандың,
Түспеу үшін қатарына надандардың.
Өмір сүрдің, тек алға ұмтылумен,
Шаптың сен, ортасында, бақ пен ардың.

Қазанда жарық көрді Шолпан жырың,
Шаршамай, еңбектендің таппай тыным.
Аянбадың жету үшін мақсатыңа,
Бағындырдың белесін ақындықтың.

Жетік білдің мәдениетін орыстардың,
Алдын көрдің ардақты ұстаздардың.
Шыңына биіктердің құлаш ұрып,
Озу үшін өзгелерден намыстандың.

Қаламадың тіліміздің ұмытылғанын,
Ұрпақтардың білімін қолға алдың.
Әдебиеттің бүгінде көгіндесің,
Жарқын қылдың жастардың болашағын.

Фариза апа
Туып ең, мұнайлы өлке – Атырауда,
Елімнің асылы сен, Фариза апа!
Атырауың жарқырап тұрушы еді,
Ақындардың қатарында өзің барда.

Фариза апа, Фариза ана, Фариза ақын,
Поэзияны жанына қылған жақын.
Талай адам өтті ғой түсінбестен,
Фаризаның мұңы мен жырдың парқын.

Мұқағали кетті ғой сені жырлап,
Небір сөздер, өлеңдерін өзіңе арнап.
Ол да өтті өмірден түңілумен,
Бес күндік дүниенің күнін санап.

Поэзия падишасы алдың атақ,
Ұрпақтарың сені мақтап, айтты мадақ.
Саған жетер ақын апа таба алмаспыз,
Дүниені кетсек те, мың рет шарлап.

Өлеңдері Фаризаның жан тебірентер,
Кейбіреуі, бұлт секілді күңірентер.
Аспанымда асыл бейнең тұр күлімдеп,
Сіңлісіне бақыт тілеп кететіндей.

Апа, апа, кейде мен бір күйге енем,
Бір күйге енем, ерекше түсімде мен.
Өзіңменен тілдесіп отырғаным,
Кетер емес көз алдымнан, көңілімнен.

Қазақ елі жамылды қара киім,
Кім түсінер қазақтың жайын - күйін.
Фаризаны ардақтап, мақтағанмен,
Білеміз ғой, келмейтінін қайтып кейін.

Ажал деген атқан оқ, барма амалың,
Алланың кім бұза алар бұл қамалын?!
Есімізде, қаңтардың жиырма үші,
Сол күні мәңгі өмірге аттанғаның.

Аяулы аналарға!
Сіздерді мен, жырға қосам, ән қылып,
Сіздер барда жүреміз әр кез нық тұрып.
Әрқашанда аялайық, достарым,
Ақ сүт берген анамызды мәңгілік!

Асыл емес сіздерден гауһар, жақұт,
Сыйладыңдар біздерге Күнді жарық.
Сіздерге арнап, жыр жаздым, сол үшінде,
Қуанады жүрегім тауып бақыт

Ел тірегі, аналар, азаймасын,
Егеменді елдігімнен бақ таймасын.
Елге керек, ерге керек, адал жандар,
Аналар ешқашан да қартаймасын.

Әр сәбидің жүрегіне жылу сепкен,
Мейірімді көздерінен нұрын төккен.
Жымиғанда елжіретер ет – жүректі,
Аналар көңілдерің ыстық неткен.

Тербетсе, бір қолымен, бар әлемді,
Тербеткен, бір қолымен, сәбилерді.
Ұрпақтарың ешқашан да жерде қалмас,
Ұғып өссе, сенің берген тәрбиеңді.

Ана деген – асыл сөз әлемдегі,
Аналарсыз мына әлем, әлем бе еді?!
Тіршілік атаулыны жалғастырған,
Ана есімі не деген әдемі еді!

Мақтанамыз сіздерге, айтып алғыс,
Сіздерге біз өмір бойы қарыздармыз.
Демеу болар қуаныш та, қайғы да да,
Дүниеде аналар ғой мыңнан жалғыз.

Өмір мәнді болмас еді аналарсыз,
Тілектерді шын жүрекпен ақтарамыз.
Ақ сүтіңді ақтау менен ардақтауды,
Қылған екен Алламыз үлкен парыз!

Өнер деген

Өнер деген тамаша ғой, аңсағанда,
Басады ол деміңді шаршағанда.
Қасиеттің киелісі - өнер деген,
Сыйлайды ол рахатын, барша жанға.

Өнердің түр – түрі бар, бұл ғаламда,
Ән салады әншілер, қыр - далада.
Бишілер мың бұралып билегенде
Тебіренер сілкініп, жер - ана да.

Өнерімнің жалғасы – өлеңдерім,
Өлең барда биіктен көрінемін.
Әрбір жаққа шарлатып, ой – санамды,
Қазақтың ақынындай күйге енемін!

Қаншама адам танылған өнерменен,
Өнердің арқасында, шалқып жүрген.
Денеңді шымырлатып, толқытатын,
Мәңгілік басымды ием, өнерге мен.


Скачать


zharar.kz