3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мұратхан Тәнекеев Ғажайып адам
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Оқушыларға күш иесі Қажымұқан атамыз жайлы түсінік беру, оның өмірі, спорттағы жетістіктері туралы білімдерін кеңейту. Мәтіннің мазмұнын ашып түсіндіру.
2. Дамытушылығы: Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқуға, мазмұнын баяндауға дағдыландыру.
3. Тәрбиелігі: Шыдамдылыққа, ел намысын қорғайтын азамат болуға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері.
Көрнекілігі: Қ. Мұнайтпасов суреті, бейнетаспа, слайдтар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылығын ояту.
Сабаққа әркез қатысып
Білімді шыңдап көрейік
Әрбір атқан таңменен
Бөленіп нұрға жүрейік.
- Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бүгін біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Сондықтан өз білімімізді көрсетейік.
Үй тапсырмасын тексеру
- Өткен сабақта үйге қандай тапсырма берілді?
- Ш. Мұртазаның Интернат наны әңгімесі.
Түсінік сұрау. Әр қатардан сұраймын.
Сұрақ - жауап арқылы бекіту. Бәйге.
- Интернат дегеніміз не?
- Әңгіме кім туралы?
- Әлтай неге кезекші болуға тырысады?
- Әлтай кезекшілігін қалай атқартын?
- Әлтай кінәсін түсінді ме?
- Балалар қандай түс көрді?
Жаңа сабақ:
II. Ой шақыру
- Балалар бұл әңгімеде не туралы айтылған? Нан
- Нан бізге не үшін қажет? Денсаулығымыз мықты болу үшін
- Деніміз мықты болу үшін, тағы не қажет? спортпен шұғылдану керек
-- Спорттың қандай түрлерін білесіңдер? Күрес
-- Күрескер адамды қалай атаймыз?
- Балалар балуан дегенімізде көз алдымызға қандай адам елестейді?
- Балуандық ұнай ма, жоқ па?
- Қандай атақты балуандарды білеміз? Қажымұқан
- Ал ендеше бүгін біз сабағымызда Мұратхан Тәнекеевтің Ғажайып адам шығармасымен танысамыз.
Дәптерді ашып бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қойыңыздар.
Автор туралы мәлімет
Мұратхан Тәнекеев (1. 01. 1928, Жамбыл облысы Қордай ауданы Талапты ауылы 28. 12. 2000) - педагогика ғылыми докторы, профессор, дене тәрбиесі мен спорт тарихы. Оның жекелеген еңбектері ағылшын, француз, неміс және моңғол тілдерінде жарияланды. Шығармашылығы: "Қажымұқан", "Бәйгеден Олимпиадаға дейін", "Дене тәрбиесі мен спорт тарихы" және т. б. Кейін бұл кітаптың мазмұны бойынша 1980 жылы Қажымұқан атты көркем фильм түсірілді.
1996 жылдан өмірінің соңына дейін Дене тәрбиесі ілімі мен оқу әдістемесі кафедрасында профессор қызметін атқарды. 2000 жылдың 28 желтоқсанында қайтыс болды.
Толық нұсқасын жүктеу