Бұқар жырау ауданы, Керней орта мектебіӘдістемелік бірлестіктің жетекшісі Тлеубаева Қ. Қ. Зерттеушілікке баулуБастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігіДүниетану пәніне қойылған талаптар жоғары

Скачать

Бұқар жырау ауданы, Керней орта мектебі
Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі Тлеубаева Қ. Қ.

Зерттеушілікке баулу
Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
Дүниетану пәніне қойылған талаптар жоғары. Оқушылар қоршаған ортаны танып, оның негізін түсінеді. Қазіргі оқушы шығармашыл тұлға болуы тиіс, ал оны дүниетану сабағында мұндай тұлға қалыптасуына барлық мүмкіндік жасауға болады. Дүниетану сабағында жасалған тәжірибелердің, бақылаулардың, талдау мен болжам жасау жұмыстарының берері мол. Оқушылардың бұл пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін және арамыздағы жас мамандарға бұл сабақтардың маңыздылығын түсінуіне жағдай жасау үшін, біз бастауыш мектепте биыл осы пәннен апталық өткіздік.
Апталықтың басты мақсатының бірі оқушыларды зерттеушілікке баулу болды. Әр мұғалім осыны ескере отырып және мектептің бүгінгі барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, ашық сабақтар көрсетті. Міндетті түрде сабақ мультимедиялық сыныпта, интерактивті тақтаны пайдаланумен, интерактивті әдістерді қолданумен өтуі, оған қоса зерттеушілік әдістерді пайдалану қажет етілді.

Сабақтар өте қызықты, тартымды болды. Балалардың, әсіресе кішкентай бүлдіршіндердің сабаққа қызығушылықпен қатысуы, мұғалімдерді тағы, сабақтың нәтижесі оған алдын ала дайындықтың сапасына байланысты екенін көрсетті. Жасыратыны жоқ, бастауыш сынып оқушыларының біразы дүниетану сабағына көп мән бере қоймайды. Ал апталық кезіндегі олардың сабаққа қатысу, оқушылардың көзқарасын өзгертті. Қай сабақ ұнайды? деген сұраққа олар енді дүниетану сабағында қосатын болды. Апта бұрын оқушыларға өздік жұмыс тақырыптары берілді.

Мектепалды оқушылары жануарлар туралы біліп келді. Бірінші сынып оқушылары көкөністердің пайдасы туралы біліп келді. Екінші сыныпқа судың булануын бақылау тапсырылды. Үшінші сыныпқа планеталар туралы мәлімет жинау, аспандағы жұлдыздарды бақылау тапсырылды. Төртінші сынып оқушыларына жер жүзіндегі пайдалы қазбалардың орналасуын, оларды пайдалану түрлерін зерттеу тапсырылды. Сабақ барысында оқушылардың тапсырмаларды әркім өзінше бір ерекшелікпен, қызығушылықпен орындағанына қатысқан мұғалімдер куә болды.

Сыздықова Динара Оразқызы мектепалды дайындық тобының мұғалімі балалармен жануарлар әлеміне саяхат жасады. Интерактивті тақтадағы жануарлардың суреттері, қимылы, түрлі түстермен өздерінің бояуы, олардың көңіл - күйін көтерді. Кішкентай бүлдіршіндердің біздің мектепте үлкен телевизор сияқты тақта бар - деп, көргендерін үйлеріне қуанышпен айтулары ата - аналардың мектепке деген ризашылығын арттырды. Сармантаева Толқын Қартабайқызы бірінші сыныппен көкөністер әлеміне саяхат жасады. Әр көкөністің құрамындағы дәрумендерді атап, оның пайдасын өздігімен танып білу, бірінші сынып үшін жетістік. Сәбізден біз қазір шырын ала аламыз ба? - деген сұраққа балалар жоқ - деп жауап берді.

Мұғалім шырынсыққышпен сәбізден бір минутта шырынды стаканға ағызуы, оларды таң қалдырды. Қап-қатты сәбізден де, шырынды оп-оңай алады екен ғой -, деген қорытындыны, балалар өздері жасады. Омарова Жазира Оразалиқызы екінші сынып оқушыларымен бірге судың сырын ашты. Сынып бөлмесі бір сағатқа зертханаға айналды. Мұз, қар, су, сүт, графин, пробирка, шайнек, бу. Оқушылар түрлі тәжірибелерді жасап, бір мезетте кішкентай зерттеушілерге айналды. Үшінші сыныпта Ахметжамиева Айгерім Ағжанқызы жас ғалымдармен ғарыш әлеміне аттанды. Күн көшесіндегі планеталардың жайғасуын, оқушылардың өздері аса бір сенімділікпен айтуы, көрсетуі, олардың ғарыш әлеміне деген қызығушылық бар екенін аңғартты.

Тлеубаева Қалима Құсжанқызы төртінші сынып оқушылармен Қазақстанның пайдалы қазбалары туралы тақырыптарды меңгерген соң, дүние жүзіндегі басқа елдердің пайдалы қазбалары туралы мәліметтерді жинақтаған оқушыларына өздігімен қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Оқушылар алдын ала интернетпен, энциклопедиямен жұмыс жасауға мәжбүр болды. Физикалық картаны қолдана отырып, оқушылар өз мәліметтерін сенімді жеткізе алды. Бұл сабақтағы топтық жұмыстар, топ басшысының көмегі, деңгейлік тапсырмалар да тиімді қолданылды. Оқушылар таратылған заттың атын дұрыс атап,(жез, алюминий сым, гранит, көмір) оның құрамы мен пайдалануы туралы берген жауаптары, балалардың пайдалы қазбаларға қаншалықты қызығушылықтары бар екенін байқатты.


Скачать


zharar.kz