Бас киімді теріс айналдырып киген жаман істің белгісі

Скачать

Қазақ ырымдары.
Мал үшеу немесе төртеу туса, олардың біреуін бауыздап босағаға көмеді.

Егер бір үйде қыз туа берсе, келесі бала ұл болсын деп оған ұлдың атын қояды.

Егер ауызға ауыздық шықса, жүгеннің ауыздығымен емдейді.

Адам басы кемиді деп, бөтен адамға бас киім бермейді немесе айырбастамайды.

Садақа киім берсе, оның түймесін кесіп алады.

Жиенді ұрса, қолы қалтырайды деген ырым бар.

Қазақ жек көрген немесе көрмеймін денген адамның артынан бір уыс топырақ шашады.

Шала туылған баланы тымаққа салып, неше күн кем туылса сонша күн тымаққа салып іліп қояды.

Пәле жаладан аулақ болсын деп жаңа үйленген жастарды арша түтінімен ыстайды.

Бас киімді теріс айналдырып киген жаман істің белгісі.

бастауыш сынып мұғалімі Арынгазинова К. С.
Қызылтаң орта мектебі.


Скачать


zharar.kz