Қадыр Мырза Әли
Әсірелеу
Пысқырғанда пырақтар
Жапырылған құрақтар.
Ысқырғанда жебелер
ЬІсырылған төбелер.
Жөткіргенде ақындар
Желпілдеген шатырлар.
Түшкіргенде батырлар
Таре айырылған татырлар.
Бақырғанда қатындар
Безіп берген жақындар...
Бекерге сен бүлінбе,
Бұлай емес бүгінде!