Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
1. Көп нүктенің орнына өздік есімдіктерін қойып, көшіріп жаз.
а) Кісі еліңде сұлтан болғанша,
... еліңде ұлтан бол.
ә) Отанға опасыздық еткенің,
... түбіңе жеткенің.
б)...- өзі білген ер бақытты,
Өзін -... билеген ел бақытты.
(5 ұпай)
2. Бүкіл, бәрі, түгел деген сөздерге синонимдес сөздер тауып жазып, сөйлем құра.
(5 ұпай)
3. Үзіндідегі сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдап, есімдіктердің құрамын анықта, жасалу жолын жаз.
Терезе алдында әлдекім ерсілі - қарсылы жүргендей болды. Енді ақ боз ат та бірдемеге тіреліп тоқтағандай. Асан өзі білмейтін қиын сөздерді дәптерлеріне жазып алды. Ешкімге тіл қатушы болма.
(10 ұпай)
ІІ деңгей
1. Көшіріп жазып, жалпылау есімдігін тауып, ол сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын айт.
Ел – елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.
Түгел сөздің түбі бар,
Түп атасы – Майқы би.
Атадан ұл туса игі еді,
Ата жолын қуса игі.
Балаңды жұрт мақтаса,
Бәрінен де сол игі еді.
(10ұпай)
2. Төменде берілген есімдіктерге морфологиялық талдау жаса.
Менің, ешкімнің, өзіміздің, ешкімнің, оған, мыналар.
(10ұпай)
ІІІ деңгей
1. Есімдіктердің түрлерін байланыстыра отырып шағын мәтін құрап жаз.
(10 ұпай)
Бағалау:
5 – 50 - 45 ұпай
4 – 44 - 39 ұпай
3 – 38 - 34 ұпай
2 – 33 төмен ұпай алсаң
Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар. жүктеу